«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2) - тармақшасына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мен «Қазақстан Республикасы ІІМ Қызылорда облысы полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөлімі» көші-қон қызметі тобының 2026 жылғы 18 маусымдағы актілерін негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауында Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттар Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы, Еркебаев Ерлан Мырзабекович, Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
- Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттар Әбдиев Бахытжан Жүргенұлын, Еркебаев Ерлан Мырзабековичті, Қаниев Қайрат Бөгенбайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 маусымдағы хаттамаларына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
- Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Р. Ефенов
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
19 маусым 2026 жыл
№67