Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А. Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2026 жылғы 16 қаңтар,
№247/182 қаулы
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№247/182 қаулысына
1-қосымша
Сайлаушылар саны 2000 (екі мың) адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 40 000 (қырық мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 200 000 (екі жүз мың) теңге
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№247/182 қаулысына
2-қосымша
Сайлаушылар саны 2000 (екі мыңнан) бастап 5000 (бес мың) адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 60 000 (алпыс мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 220 000 (екі жүз жиырма мың) теңге
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№247/182 қаулысына
3-қосымша
Сайлаушылар саны 5000 (бес мың) адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 90 000 (тоқсан мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге