«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына, 113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасына және 2–тармағына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 12 шілдесіне тағайындалсын.
- Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Р. Ефенов
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
03 маусым 2026 жыл
№АСК-26/237