Қармақшы ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындау туралы

Қармақшы ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындау туралы

                                                 

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 апреля 2026