Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен 56 мемлекеттік қызмет ұсынылады.
Есепті мерзімде аудан әкімінің аппараты, 5 аудандық бөлім, 2 кент, 12 ауылдық округі әкімі аппаратымен 6310 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Тікелей мемлекеттік органмен 1322 – 21,0% ;
- Мемлекеттік корпорациямен 1870 – 29,6%;
- «Электронды үкімет» веб-порталымен 3118 – 49,4% өтініш орындалды.
363 өтінішке қызмет қағидасына сәйкес дәлелді бас тартылды. Оның 363-і электронды атқарылды.
2025 жылы аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша көрсетілген қызметтердің жайы төмендегіше қалыптасты:
|
Р/с |
Мекеме атауы |
Барлығы |
Аудан бойынша үлесі (%) |
Мемлекеттік орган |
Мемлекеттік корпорация |
ЭҮП |
|
1 |
«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі |
4338 |
68,7 |
1253 |
1870 |
1215 |
|
2 |
«Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатыстары бөлімі» КММ-сі |
589 |
9,3 |
59 |
0 |
530 |
|
3 |
«Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-сі |
712 |
11,3 |
0 |
0 |
712 |
|
4 |
«Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі |
184 |
2,9 |
0 |
0 |
184 |
|
5 |
«Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм спорт бөлімі» КММ-сі |
6 |
0,1 |
0 |
0 |
6 |
|
6 |
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» КММ-сі |
111 |
1,8 |
10 |
0 |
101 |
|
7 |
Кент және ауылдық округ әкімі аппараттары |
370 |
5,9 |
0 |
0 |
370 |
|
|
Барлығы |
6310 |
100,0 |
1322 |
1870 |
3118 |
Есепті мерзімде қызмет сапасына шағымдану және қызмет мерзімінің бұзылу жағдайы орын алған жоқ.
2025 жылдың қорытындысымен аудан бойынша электронды көрсетілген қызметтің жалпы үлесі 98,4 пайызды құрады.
Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының 2024 жылдың 25 қарашасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілетін ішкі бақылау шарасы туралы» № 68-нқ бұйрығына сәйкес 4 ішкі бақылау шарасы жүргізілді.
Бақылау шарасымен 12 мемлекеттік мекемедегі 14 көрсетілетін мемлекеттік қызмет қамтылды.
Нәтижесінде көзделмеген құжаттар талап ету 3, өзге де заңдылықтардың бұзылуының 2 барлығы 5 бұзушылықтың жағдайы анықталды.
Есепті мерзімде 12 ауылдық округі әкімі, 2 кент әкімі аппаратына және 5 аудандық бөлімге іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Көмекпен 48 маман қамтылды.
Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді.
Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай (жұмыс кестесі, пандус, шақыру қоңырауы, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы қағидалардың өзектендірілуі, «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыстарын жандандыру бойынша кеңестер берілді.
Есепті мерзімде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында бірлескен оқу семинар ұйымдастырылды. Оған аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппаратының 5 маманы қатынасып, тиісті сертификаттар табысталды.
Аудан әкімдігіне қарасты 19 мемлекеттік мекеменің кеңселері «Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышымен» қамтылған. Тиісті мерзімде аталған бұрыштар арқылы мекеме мамандарының сүйемелдеуімен тұрғындар тарапынан 3656 қызмет алынды.
Аудан әкімі аппаратымен 2024 жылдың 22 қарашасында бекітілген «Аудандағы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандырудың жоспар-кестесіне» сәйкес аудан әкімінің аппаратына қарасты мекемелермен 2025 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 19 түсіндірме мақала жарияланып, жоспар толығымен орындалды.
|
1. Жалпы ережелер |
|
|
1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
|
|
· «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · «Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; · Кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары; |
|
|
1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2025 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 56 түрі ұсынылды. Есепті мерзімде жалпы ұсынылған мемлекеттік қызмет саны 6310-ды құрады. |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетілді. Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 1870 өтініш түсіп, мерзімінде орындалды. |
|
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 53. Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 3. |
|
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны; |
Тікелей мемлекеттік органмен қағаз жүзінде – 4 қызмет. Электрондық нысанда – 44 қызмет. |
|
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларының саны |
2024 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің қағидаларының саны – 54. |
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылар мен жұмыс |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат |
Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіндегі арнайы ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтің қағидалары мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған. |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын жобаларын жария талқылау туралы ақпарат |
- |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қармақшы таңы», «Бәйтерек-Байқоңыр» және «Ақмешіт ақшамы» газеттеріне 19 түсіндірме - мақала мен ақпараттық - кеңестік материалдар жарияланды. |
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
- |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
- Есепті мерзімде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында бірлескен оқу семинар ұйымдастырылды. Оған аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппаратының 5 маманы қатынасып, тиісті сертификаттар табысталды. |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
- |
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) |
2025 жылы мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан қызмет сапасына арыз-шағым түскен жоқ. |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң талаптарының сақталуы бойынша 2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 4 рет ішкі бақылау шарасы ұйымдастырылды. Бақылау шарасы 12 жергілікті атқарушы органмен ұсынылатын 14 мемлекеттік қызметті қамтыды. Нәтижесінде көзделмеген құжаттар талап ету 3, өзге де заңдылықтардың бұзылуының 2 барлығы 5 бұзушылықтың жағдайы анықталды. |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-сі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан бақылау іс-шарасы жүргізілді. Бақылау іс-шарасының қорытындысымен кемшіліктер анықталмады. |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасымен 2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысының тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 79,8%-ды құрады |
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және құжаттардың қағида талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында есепті мерзімде 5 аудандық бөлім, 2 кент және 12 ауылдық округі әкімі аппараттарындағы қызметтерді ұсынуға жауапты 48 маманға іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Шара барысында аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді. Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай (жұмыс кестесі, пандус, шақыру қоңырауы, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы қағидалардың өзектендірілуі, «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыстарын жандандыру бойынша кеңестер берілді. |
|