

Жаңару үшін дауыс бер!

№ 1
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын
сайлау туралы
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.
Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Сайлауға құқығы бар азаматтарды тізімге енгізу тәртібі

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.
Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген олардың өтініші негізінде дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей немесе 2026 жылғы 23 шілдеге дейін енгізіледі.
Әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.
Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.
2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.
Сайлаушыларға қолайлы болуы үшін электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабарландыру ұйымдастырылады.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?







ҚЫЗЫЛОРДАДА САЙЛАУШЫЛАР ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА КӨМЕГІМЕН ӨЗ УЧАСКЕСІН ОҢАЙ ТАБА АЛАДЫ
23 тамыз күнгі Құрылтай сайлауы кезінде Қызылорда өңіріндегі дауыс беруші азаматтар өз учаскесін онлайн платформалар арқылы оңай таба алады. Ол үшін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервисті іске қосты.
Онлайн платформа 3 бағытта жұмыс жасайды. Алғашқысы – saylau.orda.gov.kz сайты. Мұнда сайлаушылар өзіңді табу жолағына ЖСН
енгізе отырып, тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесін таба алады.
Сайт автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, оның мекен-жайын, байланыс телефонын және комиссия құрамын көрсетеді.
Сервисте 109 бірыңғай байланыс орталығына сұрақтар қою және қоңыраулар географиясын көруге мүмкіндік бар.
Аталған платформа телеграм-ботында да қолжетімді. Тұрғындар бұл сервистерді Smart Qyzylorda мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы да ала алады.



Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда
ОСК Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша бүгінгі таңда ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 251 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.




