

Ауданның жалпы жер қоры -3104070 гектарды құрайды. Осы көлемінің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер. Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2019 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері–378876 гектар, елді мекен жерлері–83446 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4986 гектар, орман қорының жері – 435283 гектар, су қорының жері–18631 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1754358 гектар болып бөлінді.