

Өнеркәсіп
Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 532 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді. Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкерлік субъекті (ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев») оператор болып белгіленіп, меморандумға сәйкес ұн тасымалдаушы операторлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ы жанындағы облыс бойынша оператор «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нен ұн алуда. Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 7 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде. Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан. Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» , «Алтын Орда» сауда үйлері жұмыс жасауда.
Туризм
Қармақшы ауданында орналасқан тарихи – мәдени мұра болып табылатын «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені және туристік әлеуеті өте жоғары Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысын басқа өңірлерден ерекшелейтін символына айналған. Қармақшы ауданында туризм саласын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жол бойындағы қызмет көрсету нысандары құрылысын қолдау арқылы дамыту көзделуде.
Қазіргі уақытта, Қармақшы ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бөлігінде жаңа стандартқа сай 5 нысан бар. Сонымен қатар, облыс әкімдігі бастауымен Қармақшы ауданында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік тартымдылығын ұтымды пайдалану мақсатында, Төретам кенті тұсынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан туристік аймақ ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен бірге, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 2 қонақ үй («Алматы», «KZ-МВК»), Төретам кентінде 1 қонақүй («Жамал») өз қызметтерін тұтынушыларға ұсынып келеді.