

Барлық ауыл шаруашылық дақылдары уақытылы, оңтайлы мерзімде егіліп болып, күтімге алынды, егіске барлығы 3950 тонна күріш тұқымдары жұмсалды.
(Оның ішінде: құйылған күріш тұқымының 400 тоннасы І - репродукциялы тұқым, 2450 тоннасы ІІ - репродукциялы тұқым, 1100 тоннасы ІІІ - репродукциялы тұқымды құрады.) Сорттары бойынша (лидер–11899 гектар, янтарь– 2734 гектар.) Егіске 10,4 мың тонна минералдық тыңайтқыштар (6000 тонна аммоний сульфаты, 2700 тонна карбамид, 1700 тонна аммофос ) жұмсалып, 12000 гектар алқап үстеп қоректендірілді. 11000 гектар күріш алқабы арамшөптер мен зиянкестерге қарсы гербицидтермен (12400 л рейнбоу, 2310 л солито, 1300 л т.б гербицидтер) өңделді. Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 40 гектар жерге соя дақылы тәжірибе ретінде егілді. Атап айтқанда «Тұрмағамбет» ЖШС Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 2 тонна І-репродукциялы тұқымын алдырып, 20 гектар жерге облыстық Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтымен бірлесіп өсіруде. Сонымен бірге, «Жаңажол» ЖШС 20 гектар жерге егістік жерді суармай бұрын күріш егілген алқапқа ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасауда. Үстіміздегі жылы негізгі күріш дақылы 14633 гектар жерге орналастырылып, шығымы бойынша 76,9 % жақсы, 20,9 % орта, 2,2 % қанағаттанарлық болып бағаланса, 14633 га толықтай пісу дәуірінде.
Күріш алқаптарының сулары байланып, аудан бойынша күрішті ору және бастыру жұмыстарының кестесі жасалынып, бекітілді. Бүгінгі күнмен 14633 гектар күріш егісінің суы толық байланып, жаппай ору жұмыстары қыркүйектің бірінші жұлдызынан басталды. Күріш орағына 152 трактор, 82 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі, 94 трактор тіркемесі қатысуда. Күзгі дала жұмыстарына 2070 тн дизель отыны (алынғаны 1400 тн), 440 тн (250 тналынғаны) бензин, 132 тн. (75тн алынғаны) дизель майы бөлінді, шаруашылықтар белгіленген график бойынша, қажеттілігіне қарай алуда. (оператор «Нефтетранс Кызылорда» ЖШС). 595 га бидай жиналды (ортаөнім 5 ц/га), жоңышқаның екі орымы орылып алынды (ортаөнім 20,9 ц/га) , мал азығындық табиғи шөптер дайындау жұмыстары атқарылуда. 347 гектар мақсары толықтай жиналды (орта өнім 4,5 ц/га).