

Аудан бойынша электр жарығын пайдаланып отырған жалпы 12114 абонент бар, оның ішінде 10946 жеке тұлға, 1168 заңды тұлға. Аудан тұрғындарына Қармақшы аудандық электр тарату торабы, Теміржол электр тарату торабы және «Төретам электр тарату торабы» мекемесі қызмет көрсетеді.2019 жылы «Қармақшы ауданы Жосалы кенті тұтынушыларын электрмен қамту үшін ӘЖ-0,4 кВт электр объектісінің құрылыс монтаж жұмыстарына» -60 524,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, нәтижесімен "Техсервис" ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қармақшы ауданында ауыз сумен қамтамасыз етілетін 22 елді мекен орналасқан. Оның ішінде: 18 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.
Қалған 4 елді мекен, оның ішінде: 2 елді мекен тұрғындары ( Ордазы; Сарытоғай) шахталық құдық арқылы ауыз су пайдаланады және қажеттілігіне қарай ПЧ-60 мекемесінің тапсырысы негізінде «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-гі тасымал арқылы жеткізіп отыр. 2 елді мекен тұрғындары (Кекірелі; Шобанқазған) оқшау скважина арқылы ауыз су тұтынуда. Аудан халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.