

Аудан тұрғындарына медициналық көмек ауданық аурухана арқылы көрсетіледі. Құрамына 115 орындық аудандық орталық аурухана, 250 орындық қабылдауы бар аудандық емхана, 6 - дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт және 6 медициналық бекет кіреді. Аудандық орталық аурухананың 105 төсек орны аудан орталығында орналасса, Көмекбаев ауылында 10 төсектік тәуліктік стационар бөлімі қызмет көрсетеді. Оның ішінде 15 төсектік-терапия, 12 төсектік гинекология, 20 төсектік хирургия, 13 төсектік балалар бөлімшесі, 15 перзентхана, (5 патологиялық және 10 орындық босану бөлімшесі) 20 төсектік (10 балалар және 10 ересектер) жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімше, 10 төсектік қайта қалпына келтіру (реабелитация) бөлімшесі жұмыс жасауда. Оған қоса, аудандық ауруханада 40 төсекорын күндізгі бөлім жұмыс жасауда.