

Қармақшы ауданы білім бөлімі Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы халыққа жолдауындағы білім саласына берген тапсырмаларын орындау бағытында жұмыс жасайды. Атап айтсақ, білім беру сапасын жақсарту, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасын теңестіру, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағыалдағы төрт жыл ішінде еңбек ақысын екі есе арттыру, яғни келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға көтеру, білім беру саласындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді қарастыру.
Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Өткен оқу жылында 29 мектепте 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы қабылданып 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 - ші сыныптардағы 10273 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алса, 2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары кезеңдік жаңа бағдарлама жүйесіне көшеді.