
Қармақшы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
|
№ |
Мемлекеттік мекеме |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
4 |
Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі |
Экономика және бюджеттік жоспарлау секторының мамандары; Аудандық бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару мамандары. |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Бюджет кодексінің 31-бабында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығының 42 және 55 тармағына сәйкес МЖЖ (мемлекеттік жоспарлау жүйесі) құжаттарының нысаналы индикаторлары бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалады деп көрсетілген. ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген. Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, персоналды басқару қызметінің маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды. ҚР Ұлттық эконмика минитсрінің бұйрығымен бекітілген 17.03.2015жылғы №212 Қағидасына сәйкес Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға нысан бойынша объект туралы ақпарат береді айқындалған. Яғни, веб-портал арқылы жалға берілетін мүлікке байланысты өтінім берген объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді.
|
2020-2022 жылдар және 2023 жылдың қаңтар-наурызында бұндай жағдай орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал. |