

Аудан көлемінде 2 кент 12 ауылдық округ бар болса, 7 елді мекендерге жолаушы тасымалдау арнайы автокөліктер арқылы (Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, ІІІ-Интернационал, Жаңажол) тасымалданса, 3 елді мекен (Ақтөбе, Иіркөл, Төребай би) бойынша жеке такси қызметі арқылы тасымал орнатылған, ал Төретам кенті мен Ақай ауылы аудан орталығымен «Төретам-Қызылорда», «Қызылорда-Төретам» бағытындағы маршруттар арқылы тасымалданады. Қармақшы және Қызылтам елді мекендері «Жалағаш-Жосалы», «Жосалы-Қызылтам-Қызылорда» бағыттары бойынша жолаушы тасымалдайтын автокөліктер арқылы жүзеге асады. Жосалы кентінде №1 бағыт бойынша маршруттар кенттің аумағын қамти отырып тұрғындарды тасымалдайды. Аудан орталығында 2016 жылы жаңадан «Достық» автостансасы салынып,аудан бойынша жолақы құны есептеліп, аудан әкімдігінің 23.08.2016 жылғы №314 қаулысымен бірыңғай жолақы құны бекітілді. Аудан көлемінде жолаушы тасымалына жүру сызбалары бекітіліп, Аудан кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіле отырып, 10.10.2017 жылы (22.09.2016 және 03.04.2017 өткізілген) конкурс қайта берілді, алайда конкурсқа қатысушылардың қағида талаптарына сай болмауына орай конкурс өтпеді деп танылды. Осыған орай, ЖК «А.Жұмабекова»-ға кентішілік №1,№2 маршруттары және елді мекендерге маршруттары бойынша уақытша куәлік беріліп, «Достық» автостанциясы арқылы жолаушылар тасымалдануда.