- «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан көлемінде 2021-2023 жылдары Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдаланушы ұйымның теңгеріміне берілді.
- «Ақай елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша 2023 жылы бөлінген қаржылар игеріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
- «Қармақшы ауданы Жаңажол ауылындағы спорт кешенінің құрылысы» нысаны бойынша ағымдағы жылы ҚР Ұлттық қордан құрылыс жұмыстарын бастауға - 177,252 млн. теңге бөлініп мердігер «Орион ЛТД» ЖШС-гімен 381,574 млн. теңгеге келісім шартқа отырылды.. Нысан 2024 жылға өтпелі.
- «Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылындағы спорт кешенінің құрылысы» нысаны бойынша ҚР Ұлттық қордан құрылыс жұмыстарын бастауға 209,963 млн. теңге бөлініп, конкурс жеңімпазы мердігер «Астана сервис ЛТД» ЖШС-гі мен 346,087 млн. теңге келісім шартқа отырып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нысан 2024 жылға өтпелі.
- Ауданның Алдашбай Ахун, Т.Көмекбаев және Қармақшы ауылдарының су қабылдайтын құрылғыларына қайта жаңғырту жұмыстарының қоса қаржыландыруына облыстық бюджеттен 71,838 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар пайдалануға тапсырылды.
- Тұрғын үй құрылысы және инженерлік желілері бойынша:
"Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы" бойынша барлық келісім-шарттың жалпы құны 3 701,313 млн.теңге. 2021-2022 жж. игерілген қаржы -2 288,720 млн. теңге. 2023 жылға ОБ 684,608 млн. теңге бөлінген қаржы, 531,943 млн. теңгесі игерілді.
- «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 51 тұрғын үй сатып алуға ҚР Ұлттық қорынан Қармақшы ауданына 538,560 млн. теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыларға аудан орталығынан 51 тұрғын үй сатып алынып, теңгерім ұстаушы мекемеге тапсырылды.