GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды.
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2,5 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін ҚР инфрақұрлымды дамыту қорынан 20,5 млрд.теңге қаржы бөлініп, 121 шақырым су құбырының құрлысы жүргізілуде.
20 октября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасында профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.
Жиында Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарын, цифрлық ортадағы әдептілік стандарттарын, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылықтарды түсіндірді.
Семинарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы Мамай Отаралиев қызметтік әдеп және тәртіптік жауапкершілік нормалары бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, деструктивті діни ағымдардың қаупі мен белгілері туралы облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Нұрдәулет Бауыржан жан-жақты ақпарат берді.
Электр энергетика
12 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қызылорда облысында 10 608 шақырым электр желілері мен кернеуліктері, әртүрлі 2068 қосалқы станциялар бар. Электр желілері мен қосалқы станциялардың негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдары қолданысқа берілген. Олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2022 жылы 2 жобаға бойынша 100 шақырым электр желісі мен 32 дана қосалқы станция, 1 дана РП-10 кВ орнатылды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 69 пайыздан 68 пайызға төмендеді.
2023 жылы 6 жобаға бойынша 232 шақырым электр желісі мен 95 дана қосалқы станция қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 68 пайыздан 66 пайызға төмендеді.
2024 жылы 10 жобаға 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстары аяқталу сатысында. Нәтижесінде жыл соңына дейін электр желілерінің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетілді.
2025 жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда. Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілді.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртылды.
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым, 10/0,4 кВ 52 дана КТПН, 110/35 кВ әуе желісі және 35 кВ 1 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу жоспарлануда.
Газдандыру
12 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 3,6 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Жылумен жабдықтау
12 октября 2026
ОБЛЫС БОЙЫНША АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛДІ.
ОБЛЫС БОЙЫНША АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛДІ.
Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға
5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Желілерге гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге алдағы жылу беру маусымын жаңа жылу электр орталығы арқылы жылу беру маусымында 4 дана жылыту қазандығы арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Облыстағы жалпы саны 1 079 әлеуметтік нысандарға (505 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 322 мәдениет және спорт нысандары, 5 әлеуметтік сала) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні энергетикалық және әлеуметтік нысандарға дайындық паспортын алынды.
Газдандыру
12 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА КӨМІР ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛУДА
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА КӨМІР ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛУДА
Облыс бойынша 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 107 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 88 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 19 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларында 29,7 мың тонна көмір қоры бар.
Облыс көлемінде 20 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 14 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 22000–28500 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Тұрғын үй қатынастары
12 октября 2026
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2026 жылы жеке тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға облыстық бюджеттен 161854,5 мың теңге бөлініп, «Отбасы банк» АО ай сайын 900 аса азаматқа төлем жасалуда.
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
12 октября 2026
ХАЛЫҚТЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 100 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ
ХАЛЫҚТЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 100 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ
2026 жылы ауыз сумен қамту және суды бұру жобаларына 11,9 млрд.теңге қаржы бөлініп жалпы 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде су желісінің тозу деңгейі 33 пайыздан 31 пайызға және кәріз желісінің тозу деңгейі 32 пайыздан 30 пайызға төмендету жоспарлануда.
Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды.
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,9 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін ҚР инфрақұрлымды дамыту қорынан 20,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Жылумен жабдықтау
12 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАЛА МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАЛА МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
2026 жылы облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 7 жобаға
8,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту,
27 ойын алаңдарын салу, Қызылорда қаласындағы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне күрделі жөндеу, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу, Қызылорда қаласындағы көше-жол инфрақұрылымын қайта жаңарту, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы суару арық желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғын үй қатынастары
12 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АПАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АПАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Қармақшы ауданында 3 үй, Сырдария 2 үй, Жалағаш 1 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 673 тұрғын тіркелген. 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың наурыз айында 135 пәтер табысталды. Апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды.
2026 жылы 135 пәтер сатып алуға облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралды.
Социальные сети
facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы