Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарды.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы негізінде Басқарма басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес Басқармада бекітліген жоспар бойынша ішкі талдаулар жүргізіліп келеді. Осы ретте Басқарма басшысының ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі № 82-нқ бұйрығы негізінде Сумен қамтамасыз ету және суды бұру бөлімі қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытына, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сонымен қатар «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» бөлінген қаржыға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы талаптарын түсіндіру бойынша құқықтық оқытулар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының талаптарына сәйкес Басқарма басшысының бұйрығымен 2020 жылға арналған жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіліп, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарында жарияланды.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері Басқарма қызметшілеріне таныстырылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мен бюрократиялық кедергілерді жою мақсатында әзірленген арнайы ролик және ақпараттық-насихаттық материалдар (брошюралар мен бейнероликтер) мемлекеттік органдар және бағынысты мекемелердің ғимараттарына орналастырылып, таратылды.
«Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1-ші қабатында жеке қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі 4-ші қабатта орналасқан.
Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңмен көрсетілген мерзімде жауаптары берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшін жауапкершілікті арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен бірге басқармаға қарасты барлық мемлекеттік мекемелерге заңнама талаптарын сақталуын қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар анықталған жоқ және аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында басқарма ұжымының қатысуымен 3 рет құқықтық оқытулар өткізілді.
Құқықтық оқытуларда «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптары мен енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Сонымен қатар, басқарма ұжымының қатысуымен өткен құқықтық оқытуда қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың жауапкершілігі туралы енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Осы орайда қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшының тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша алгоритм тәртібі әзірленіп, оны жүргізетін жауапты тұлға бекітілді.
Еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдепсіз әрекеттерге жол бермеу мақсатында басқарманың қызметтік бөлмелері мен қабылдау бөлмесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер мен әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында басқарманың қызмет салалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарды.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы негізінде Басқарма басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы талаптарын түсіндіру бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді.