Меню

Страницы

Статья

2022 жылы тұрғын үй қатынастары бойынша мәлімет

2022 жылдың I тоқсанындағы тұрғын үй қатынастарының жұмыстары туралы мәлімет

 

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша

Облыс бойынша басқарудың жаңа формасына жататын 914 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанындағы жағдай бойынша 910 көп пәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа формасымен құрылды. (9 меншік иелерінің бірлестігі және 901 жәй серіктестік)

Анықтама ретінде: Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандары  - 100%, ал Сырдария ауданы- 96,6%, Қазалы ауданы 96,2%.  Қызылорда қаласы – 575 үй, Арал ауданы – 42 үй, Қазалы – 106 үй, Қармақшы – 56 үй, Жалағаш – 21 үй, Сырдария – 29 үй, Шиелі – 69 үй, Жаңақорған – 16 үй.

Облыс бойынша кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына қатысты нормативтік құқықтық актілерін бекіту және ақпараттандыруға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Құрылған жаңа басқару органдарына жинақ шотын ашу, Кондоминиум нысандарын Әділет органына тіркеу, Нормативтік құжаттарды бекіту жұмыстары жүруде.

Мемлекет басшысының «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасын сапалы орындау  мақсатында 2022 жылдың ақпан айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бекіткен тұрғын үй реформасы мәселесі бойынша шиеленісті жою жөніндегі Медиа-Жоспар жасалған. Осыған сәйкес,  жаңа реформа туралы және МИБ/ЖС-ке көшудің мәселелері бойынша бейне конференц желісі арқылы өңірлік сарапшылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткізілген семинар Алматыда құрылған тұрғын үй реформасы жөніндегі комитеттің басшысы мен "ТКШ-ИНФО" оқу орталығының қатысуымен өтті, оған  Қызылорда қаласы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсетіп отырған мекемелердің басшылары қатысты. Семинарға қатысушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берілді.

__________________________________________________________________________

2022 жылдың IІ тоқсанындағы тұрғын үй қатынастарының жұмыстары туралы мәлімет

 

Аппатты түрғын үйлер бойынша

01.07.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 37 үй көппетерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 34 үй, Сырдария ауданында 3 үй.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 426 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 408 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы.

2021 жылы Қызылорда қаласында 70 отбасына тұрғын үй берілді.2022 жылдың қаңтар айында Арал ауданында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 14 отбасына тұрғын үй берілді.

«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» бойынша

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезінде Қызылорда  қаласы мен аудандарда көпқабатты тұрғын үй аулаларында жиналыстар өткізілді. 580 көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелеріне сауалнама парақтары мен түсіндірме брошюралары таратылды.  Сонымен қатар, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын құруды насихаттайтын жарнамалар қаладағы 2 дана LED экрандарға видео роликтер және 2 жарнама тұғырнамаларына билборд орналастырылды.

Қәзіргі таңда, кондоминиум объектілерін Әділет органына тіркеу жұмыстары жүруде. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін нормативтікқұжаттар бекітілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Өңірде жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны 565 үй. 2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 18 үйге 622,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Олар, Қызылорда қаласы 11 үй, Жалағаш  5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға бағдарлама аясында республикалық бюджеттен барлығы 40 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 1740,0 млн.теңгеге  бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжайға төлем төлеу

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оны жүзеге асыру қағидалары" бекітілді. Азаматтарға тұрғын үй алу үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Осы мақсаттағы төлемдерді жүзеге асыруға 52,4 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 42 млрд.теңге республикалық бюджет, 10,4 млрд.теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінуі қажет. Өңірдегі жеке тұрғын үй қорынан жалға тұрғынжай алуға жататын жекелеген санаттар кезегінде тұрған  азаматтар үшін, тиесілі қаржы көлемі 2022 жылға  537,3 млн.теңге.Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №447 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 13 мамырдағы №554 қаулысымен алғашқы 3 айға есептелініп, 135,0 млн.теңге қаржы қаралды. Қәзіргі күні, Отбасы банкпен келісім шарт жасалуда.

_________________________________________________________________________

2022 жылдың IІI тоқсанындағы тұрғын үй қатынастарының жұмыстары туралы мәлімет

 

Аппатты тұрғын үйлер бойынша

01.10.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 41 үй көппетерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 38 үй, Сырдария ауданында 3 үй.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 507 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 490 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 17 отбасы.

2021 жылы Қызылорда қаласында 70 отбасына тұрғын үй берілді. 2022 жылдың қаңтар айында Арал ауданында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 14 отбасына тұрғын үй берілді.

«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» бойынша

Өңірде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 1222 бірлікті құрайды. Оның ішінде меншіктік басқаруға өткізуге жататын 913 көппәтерлі тұрғын үйлердің  899-на жәй серіктестік, 14-не мүлік иелерінің бірлестігі құрылды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына енгізілетін жоспарланған өзгертулерді ескере отырып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЖС ретінде құрылған 30-дан астам пәтері бар КПТҮ-ді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Көпқабатты  тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Өңірде жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны 565 үй. 2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 18 үйге 622,1 млн. теңге қаржы бөлінді.  Олар,  Қызылорда қаласы 11 үй, Жалағаш  5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

2023 жылға бағдарлама аясында республикалық бюджеттен барлығы 40 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 1740,0 млн.теңгеге  бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжайға төлем төлеу

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оны жүзеге асыру қағидалары" бекітілді. Азаматтарға тұрғын үй алу үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы №554 қаулысымен, 135,0 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге «Отбасы банк» АҚ-на 65 млн теңге аударылды. Otbasybank.kz платформасында субсидиялауға өтінім қабылдау, рәсімдеу толыққанды тамыз айынан бастап жұмыс жасады.

Осы уақытқа дейін 1259 азаматтан өтінім түскен, одан 378 азаматтың құжаттарына қанағаттанарлық жауап алынып, ол кісілер өздерінің жалға алатын үйлерін іздеуде, 105 азаматпен келісім жасалды.

_________________________________________________________________________

2022 жылдың IV тоқсанындағы тұрғын үй қатынастарының жұмыстары туралы мәлімет

 

Аппатты тұрғын үйлер бойынша

01.01.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 46 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 43 үй, Сырдария ауданында 3 үй. Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 531 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 513 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы.

2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінді тұрған азаматтарға 60 пәтер берілді.

«Мүліктің меншік иелері бірлестігін құру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста жаңа басқару формасымен 913 көппәтерлі тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үй) құрылды. (21 меншік иелері бірлестігі (МИБ) және 892 жәй серіктестік (ЖС).

ЖС ретінде 30-дан астам пәтері бар көппәтерлі тұрғын үйлерді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жөніндегі жол картасы бекітілді. Кондоминиум объектісін әділет органына тіркеу жұмыстары бойынша 922 үйден 251 тіркеліп тұр.

Көпқабатты  тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 45%-ға төмендеді).

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 616,7 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 8 үй, Жалағаш 5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 12 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 129 азамат келісім жасалды.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35594.

Оның ішінде:

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2213;

«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 6506;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14147;

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 12144;

Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 584.

 

 

 

Дата публикации
06 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы