Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу барысы 2022 жылдың ІІ тоқсан бойынша
2022 жылдың 2 тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде Басқармаға барлығы «е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 180 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 60, шағым – 13, сұрау салу – 82, ұсыныс – 14, үн қосу – 4, хабар – 7. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізілуде. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі.Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі.