Меню

Страницы

Статья

2022 жылы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

2022 жылдың I тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2022 жылдың ақпан айында қаладағы жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 2 жобаның сараптама қорытындындылары алынып, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін салалық министрлікке 922,7 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ағымдағы жылы “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында  әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша 4 жобаға республикалық бюджеттен    152,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: Шиелі ауданы Гигант, Жахаев елді мекендері, Жаңақорған ауданы Караултобе ауылы мен Қызылорда қаласы Қызылөзек а.о. Айнакөл ауылындағы мектептердің қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау. Қазіргі таңда, 2 жоба бойынша мердігерлері анықталды, 2 жоба бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін  11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге облыстық бюджеттен 28,6 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша 2022 жылға “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасымен әлеуметтік нысандардың қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау үшін 13 жобаны қаржыландыруға Ұлттық экономика министрілігіне бюджеттік өтінім ұсынылды (оның ішінде: білім саласы бойынша 10 нысан, денсаулық сақтау саласы - 3 нысан).  Жобалардың жалпы құны 402,6 млн теңге.

Сонымен бірге, 18 әлеуметтік нысандардың қазандықтарын газ отына қайта ауыстыру бойынша жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Жылу беру маусымының өтуі бойынша:

2021-2022-ші жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтті.Облыстағы 1064  әлеуметтік нысандар мен орталық жылуға қосылған 816 қөпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылды.

Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық  режимде жұмыс жасады. Жылу беру маусымы кезеңінде жоспарға сәйкес коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке  33,3 мың тонна, ал жергілікті халық үшін 140,4 мың тонна  көмір отыны толығымен жеткізілді.

Абаттандыру жұмыстары

Республикалық бюджеттен Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыруға 111,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыруға 52,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,8 млн. теңге қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары бойынша  21 жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

____________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IІ тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

 

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күнге облыс бойынша 207,2 шақырым жылу құбырларының тозығы 46,9% құрап отыр. Жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қазіргі таңда 3жоба бойынша сараптама қорытындылары алынуда. 2 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындылары алынып, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тиісті министрлікке тапсырылады.  Жобаларды іске асыру нәтижесінде жылу құбырларының тозығы     3% -ға төмендеуі күтілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.

Республикалық бюджеттен  “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында 19 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша 17 жобаға 515,1 млн. теңге және облыстық бюджеттен 4 нысан бойынша 105 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде Шиелі ауданы Гигант, Жахаев елді мекендері, Жаңақорған ауданы Караултобе ауылы мен Қызылорда қаласы Қызылөзек а.о. Айнакөл ауылындағы мектептердің қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау жобалары бойынша мердігерлері анықталып, жұмыстар атқарылуда.

Қалған жобалар бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурстары жургізілуде.

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (111,7 млн. теңге), Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (172 млн. теңге) жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге Арал қаласына кіреберіс көшесін  және қаладағы 5 көшені жарықтандыру(103 млн. т.), Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (35,1 млн. т.),Сексенбаев көшесін абаттандыруға (41,4 млн.т.), Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.), Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (7,2 млн.т.), Тереңөзек кентін абаттандыру (111,7 млн.т.), Қызылорда қаласының 19 көшесін жаяу жүргіншелер жолын орналастыру (205,5 млн.т.), қаланың жарық диодты безендіру (150,0 млн.т) жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігерлерді анықтауға конкурс жарияланды.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (7,8 млн. т.)

___________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IІІ тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

 

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күнге облыс бойынша 207,2 шақырым жылу құбырларының тозығы 46,9% құрап отыр. Жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жобалар республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР ИИДМ-не 2023 жылға ұсынылды. Жобалар іске асырылған жағдайда жылу құбырларының тозуын 3%-ға төмендету күтілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі күнге,    4 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 7 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында 26 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша  17 жобаға 407,7 млн. теңге және облыстық бюджеттен 7 жоба бойынша 160,8 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күнге, барлық нысандар бойынша қабылдау жұмыстары атқарылуда.

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (111,7 млн. теңге), Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (172 млн. теңге) жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге Арал қаласына кіреберіс көшесін  және қаладағы 5 көшені жарықтандыру(103 млн. т.), Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (35,1 млн. т.),Сексенбаев көшесін абаттандыруға (41,4 млн.т.),Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.),  Тереңөзек кентін абаттандыру (111,7 млн.т.), Қызылорда қаласының көшелеріне жаяу жүргіншелер жолын орналастыру (205,5 млн.т.) жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, қаланың жарық диодты безендіру (150,0 млн.т) мен Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (7,2 млн.т.) жұмыстары толығымен аяқталды.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп (7,8 млн. т.), сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

___________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IV тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

 

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2022 жылы жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жобалар республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР ИИДМ-не 2023 жылға ұсынылды. Сонымен бірге,                      қаланың жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаның жоба-сметалық құжаттамаларын  әзірлеу жұмыстары басталды.

Білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі күнге, 7 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 4 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар,  700,5 мың теңгеге (РБ 495,9 млн.т., ОБ 204,6 млн.т.) 26 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтары қайта жаңғыртылды.

 

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (124,1 млн. теңге), Арал қаласында кіреберіс көшесі мен қаладағы 5 көше  жарықтандырылды (97,8 млн. т.), Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.) және Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (16,3 млн.т.), 

Сонымен бірге, Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі                              6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (140 млн. теңге), Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан аланын абаттандыру(140 млн. теңге),  Арал қаласындағы Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Тереңөзек кентінің тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру (105,7 млн.т.), Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (34,5 млн.т.) мен Сексенбаев көшесін абаттандыру (41,4 млн.т.), Қызылорда қаласы көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру  (116,5 млн.т.) және  жарық диодты безендіру  (150 млн.т.) жұмыстары жүргізілді.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленді (7,8 млн. т.), сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
06 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы