2022 жылдың I тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 69 % құрайды. 2021жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201 938,5 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған. Республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп «Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда. Жобаның аяқталу мерзімі 2022-2023 ж.ж. көзделген. Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бюджеттен бөлінген 29 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша мердігері «Казахстан Электро» ЖШС-і анықталып, келісім-шарт жасалды. 2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жаспарланған. Қазіргі таңда, мердігер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға рұқсат алынуда.
_______________________________________________________________________________________________
2022 жылдың II тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021 жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201,9 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.
Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жаспарланған. Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
_______________________________________________________________________________________________
2022 жылдың III тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021 жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201,9 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.
Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, сараптама қорытындысы әзірленуде. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жоспарланған. Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
_______________________________________________________________________________________________
2022 жылдың IV тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электр желілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021-2022 жылдары «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 41,2 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.
Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 70 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды.
Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.