Меню

Страницы

Статья

2022 жылы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

2022 жылдың I тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

 

2022 жылы 5 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 3,2 млрд.теңге (3 253,3 млн.теңге) бөлінді. Оның ішінде: Ұлттық қор - 2,0 млрд.теңге (2 000,0 млн.теңге), облыстық бюджет - 458 млн.теңге, «Ауыл - ел бесігі» - 795,3 млн. теңге. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара елді мекендерін газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылады.

Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен есебінен 2 газдандыру жобасы (Қазалы ауданы Қазалы қаласы, Қызылорда қаласы Наурыз, Махамбетов елді мекендері) жүзеге асырылады. Жобалар 2021 жылдан өтпелі.

01.04.2022 ж. жағдай бойынша қаржылық жылға жоспарланған қаржының 709,5 млн.теңгесі немесе 21,8% игерілді.

_____________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IІ тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 67%-ды құрады. Оның ішінде: 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр) және 17 ауылдық елді мекен.

2022 жылы 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд.теңге (5 810 531 мың.теңге)  бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
4,3 млрд.теңге (4 300 000 мың.теңге), облыстық бюджеттен - 458 млн.теңге (458 095,0 мың теңге), «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында - 795,0 млн. теңге (795 346 мың.теңге), «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  аясында - 257,0 млн. теңге (257 090 мың.теңге).

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Қыраш ауылдарын, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая ауылдарын, Тереңөзек кентінде газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласын газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары басталады.

2021 жылы басталған Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласын газдандыру мен Тереңөзек кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобалары аяқталып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың соңында облыстың газдандыру деңгейін 68%-ға жеткізу жоспарлануда.

____________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IІI тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 67%-ды құрады. Оның ішінде: 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр) және 17 ауылдық елді мекен.

2022 жылы 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд.теңге (5 810 531 мың.теңге)  бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
4,3 млрд.теңге (4 300 000 мың.теңге), облыстық бюджеттен - 542 млн.теңге (541 958,4 мың теңге), «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында - 795,0 млн. теңге (795 346 мың.теңге), «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  аясында - 257,0 млн. теңге (257 090 мың.теңге).

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Қыраш ауылдарын, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая ауылдарын, Тереңөзек кентінде газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласын, Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара елді мекендерін газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары жүзеге асырылуда.

2021 жылы басталған Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласы, Шиелі ауданы Алғабас, Ақмая елді мекендерін  газдандыру мен Тереңөзек кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобалары аяқталып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың соңында облыстың газдандыру деңгейін 68%-ға жеткізу жоспарлануда.

____________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IV тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

Жыл қортындысымен облыс тұрғындарының табиғи газбен қамту үлесі 68 пайызды құрады. 4 қала (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр) 100 пайыз газдандырылған.

230 ауылдық мекеннің 22 ауылы газдандырылған (6 аудан орталығы, 16 ауыл). Ауыл тұрғындарының табиғи газға қол жеткізу деңгейі 42 пайыз. Өткен жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 8,7 млрд.теңге бөлініп, игерілді (РБ - 7,9 млрд.тг; ОБ - 0,8 млрд.тг).

7 жоба толық аяқталды.

(Шиелі ауданы Алғабас,Ақмая ауылы, Қазалы қаласы, Пірімов, Басықара, Жалаңтөс ауылы,Тереңөзек кенті ақ дақтар (белая пятна) жобасы).

7 жоба 2023 жылға өтпелі.

(Қармақшы ауданы Төретам кенті, Ақай, Сексеуіл 2 жоба, Жаңақорған Бірлік ауылы, Шоқай АГРС, Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылы)

2022 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай ауылы, Арал ауданы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданында Тартоғай елді мекенінде «АГРС» орнату жобалары жүзеге асырылуда.

2023 жылға республикалық бюджеттен 7,5млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2022 жылы  басталған 7 жоба жалғастырылады және 8 жаңа жобаның құрылысы басталады.

Анықтама ретінде:

Жаңақорған ауданында Жайылма, Шалхия, Құттықожа, Төменарық, Кейден, Шиелі ауданында Еңбекші, Жиделіарық, Сырдария ауданында Қалжан ахун, Қызылорда қаласында Абай, Досан елді мекенінде ауылішілік газ құбырын салу жобалары.

Дата публикации
06 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы