Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараты

2021 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді.

Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.  

Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. Мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде айқындық қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.

Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың қабылдау бөлмесінде орнатылған.Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексі және Әдеп жөніндегі өкіл туралы стенді әзірленіп, Басқарманың қабылдау бөлімінде көрінетін жерге ілінген.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық оқулар өтікізу мақсатында басқарманың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында құқықтық оқудың жоспары бекітілген.

Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі  барлық  қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде  қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ. 

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау белгіленген. Жоспарда белгіленген іс-шараларды толық жүзеге асыру  үшін қажетті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың мамыр айында Басқарманың жалпы қызметінде 18 айды қамтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауды ұсталып, іс – шаралар жалғастырыла береді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен қабылдау «Е – өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды.

  

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы