Мемлекеттік қызметтің имиджі
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасыда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінің 30 жылдық мерекесіне орай басқарма басшысы ел мәртебесін дамытуға қосқан үлесі үшін басқарма қызметкерлерін тәуелсіздіктің 30 жылдық төсбелгісімен марапаттап, жұмыстарына табыстар тіледі.Басқармада мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының сақталуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар, аппараттық оқулар өткізіледі.2021 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне қатысты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» талаптарының сақталуы бойынша шағымдар түскен жоқ.