2020 жылдың IV тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және облыстық бюджеттен жалпы құны 4,6 млрд.теңге (республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге) болатын барлығы 28 жоба іске асырылды, 2 жоба 2021 жылға өтпелі.
Облыстың 17 елді мекенінде 231 шақырым ауыз су, 8 шақырым кәріз жүйелері, 23 кәріздік-насос станциялары жаңғыртылып, 6 су өндіру кешені салынды. Осы елді мекендерде тұратын 151 мың адамның сумен жабдықталуы жақсарды.
178 елді мекеннің сумен қамту қызметін субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд.теңге төленді.
Жыл қорытындысымен облыс халқының 97,5 пайызы орталықтандырылған ауыз жүйесін пайдаланды.
2020 жылдың III тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына барлық бюджеттік көздерден 29 жобаға жалпы 4,6 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге (2 655 364 мың теңге), облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге (1 906 700 мың теңге).
Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша игерілгені 2,5 млрд. теңге немесе 99 пайызды құрайды, оның ішінде РБ - 1,3 млрд. теңге (1 300 250,2 мың теңге), ОБ - 1,2 млрд. теңге (1 245 609 мың теңге), оның ішінде бағдарламалар бойынша:
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасымен барлығы 14 жобаны (оның 13-сі 2019 жыдан өтпелі және 1-еуі жаңа) іске асыруға 2,5 млрд.тг (2 546 645 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,9 млрд.тг (1 884 057 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,6 млрд.тг (662 588 мың тг) қоса қаржыландырылды.
Есепті кезеңге қаржыландыру жоспарына сәйкес РБ бойынша игерілгені 1,1 млрд. теңге (1 052 715 мың.теңге) немесе 98 пайыз және ОБ – 0,4 млрд. теңге (422 772 мың теңге) немесе 99 пайыз.
9 айдың қорытындысы бойынша 55,6 км ауыз су жүйелері орындалды және 3 бірлік су кешені құрылыстары (Наурыз, Досан, Талсуат е.м.) аяқталып актімен қабылданды.
Нәтижесінде 200,9 шақырым су, 3,6 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау кешені, 23 КНС жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Наурыз - су желісі, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек е.м.- су қоймалары, Талдыарал- су+кәріз, 23 КНС жаңғырту, Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс, Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай, Қазалы ауданы - Түктібаев Арал ауданы – Шөміш),
«Ауыл-ел Бесігі» арнайы жобасымен 2 жобаға (Қазалы ауданы Бекарыстан би е.м., Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) 702 252 мың тг. бөлінді, оның ішінде, РБ - 648 079 мың тг; ОБ – 54 173 мың тг. Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша РБ игерілгені 124,3 млн. теңге немесе 100 пайыз.
Жобалар 2020 жылы іске асырылып, нәтижесінде 214,1 шақырым сервистік желілер пайдалануға беріледі.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 12 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 876,6 млн. теңге (876 650 мың тг) қаржы бөлінді, оның ішінде, Қазалы ауданы (1), Сырдария ауданы (1), Қызылорда қаласы (10). 01.10.2020 ж. қаржының игерілгені 705,8 млн.теңге немесе 100 пайыз. Нәтижесінде, 28 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 214 жұмыс орындары ашылады.
«Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасымен 2019 жылдан басталған «Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс еті өндіретін құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін қамтамасыз ету. Сыртқы сумен жабдықтау желілері» жобасына 2020 жылы республикалық бюджеттен 123 228,0 мың теңге, қаржы толық игерілді. Жобаны аяқтау үшін қосымша 50 000 мың тг бөлінді. Нәтижесінде 4,0 шақырым сыртқы су желісі салынады.
Облыстық бюджет қаржысына
Субсидиялау бойынша
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927 мың теңге) бөлінді. Қаржының игерілуі жоспарға сәйкес 100 пайыз орындалды. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 178.
2020 жылдың I жартыжылдығында сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына барлық бюджеттік көздерден 32 жобаға жалпы 4,7 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге (2 655 364 мың теңге), облыстық бюджеттен 2,0 млрд. теңге (2 016 144 мың теңге).
Ағымдағы жылы секвестрленген қаржы қайта бөлінсе (Шөміш – 100,0 млн тг; тауық фабрикасы – 50,0 млн.т), 423,1 шақырым ауызсу, 13,3 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау қоймалары, 23 КНС қайта жаңғыртылады, 1 жерасты су қоры қайта бағаланады, 5 жоба-сметалық құжаттар әзірленеді.
Сонымен қатар, локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша 2020 жылға барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927 мың теңге) бөлініп, ай сайын қаржылық жоспарға сәйкес игерілуде.
Анықтама үшін бағдарламалар бөлінісінде төменгідей:
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасымен барлығы 13 жобаны (оның 12-сі 2019 жыдан өтпелі және 1-еуі жаңа) іске асыруға 2,4 млрд.тг (2 409 024 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,9 млрд.тг (1 884 057 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,5 млрд.тг (524 967 мың тг) қоса қаржыландырылды. Жобаларды 2020 жылы толық аяқтауға РБ-100,0 млн.тг, ОБ-тен қоса қаржыландыруға – 116,579 млн.тг қажет.
Нәтижесінде 177 шақырым су, 3,6 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау кешені, 23 КНС жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Наурыз - су желісі, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек е.м.- су қоймалары, Талдыарал- су+кәріз, 23 КНС жаңғырту, Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс, Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай, Арал ауданы – Шөміш).
«Ауыл-ел Бесігі» арнайы жобасымен 2 жобаға (Қазалы ауданы Бекарыстан би е.м., Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) 702 252 мың тг. бөлінді, оның ішінде, РБ - 648 079 мың тг; ОБ – 54 173 мың тг. Қазіргі таңда, мердігерлер анықталып, қаржы жоспарына сәйкес құрылыс-жұмыстары жүргізілуде.
Жобалар 2020 жылы іске асырылып, нәтижесінде 214,1 шақырым сервистік желілер пайдалануға беріледі.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 12 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 912 млн. теңге (911 983 мың тг) қаржы бөлінді, оның ішінде, Қазалы ауданы (1), Сырдария ауданы (1), Қызылорда қаласы (10).
Қазіргі таңда, мердігерлер анықталып, құрылыс-жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 28 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 214 жұмыс орындары ашылады.
«Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасымен 2019 жылдан басталған «Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс еті өндіретін құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін қамтамасыз ету. Сыртқы сумен жабдықтау желілері» жобасына 2020 жылы республикалық бюджеттен 123228,0 мың теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстар жалғасуда.
Жобаны аяқтау үшін РБ-тен 50 000 мың тг қажет. Нәтижесінде 4,0 шақырым сыртқы су желісі салынады.
Облыстық бюджет қаржысына
Субсидиялау бойынша
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927 мың теңге) бөлінді. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 184.
2020 жылдың I тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы барлығы 13 жоба іске асырылады, оның ішінде, 2018 жылдан өтпелі – 1 (Наурыз), 2019 жылдан өтпелі 12 жоба (Қызылорда қаласы – 23 КНС, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, ст. Қараөзек, Талдыарал; Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай; Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс), 1 жаңа жоба (Арал ауданы Шөміш е.м.).
100 кіші бағдарлама бойынша 1 жобаға 2020 жылы 493 008 мың тенге қаралған, оның ішінде РБ - 350 704 мың теңге, ОБ - 142 304 мың теңге.
101 кіші бағдарлама бойынша 2020 жылы 12 жобаға 1 839 895 мың теңге қаралған, оның ішінде РБ – 1 633 353 мың теңге, ОБ – 206 542 мың теңге.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес, қаржылардың игерілуі сәуір айынан басталады.
Нәтижесінде 76,5 шақырым ауыз су және 3,6 шақырым кәріз желілері, 11 КНС, 7 су өндіру кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс (төтенше жағдайға байланысты қаржыларды қысқырту болмаса).
2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
2019 жылы Нұрлы жол, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаларымен және облыстық бюджеттен сумен қамту және суды бұрудың 34 нысанның құрылысы мен 4 жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге барлығы 8,8 млрд.теңге (8 802 789 мың теңге) қаржы бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 8,2 млрд.теңге (8 206 062 мың теңге), облыстық бюджеттен 597 млн.теңге (596 727 мың теңге). Игерілгені – 8,8 млрд. теңгеге жуық (8 775 747 мың теңге) немесе 99,7 пайыз. Ағымдағы жылға жоспарланған 19 нысанның (Қызылорда қаласы - Бірқазан, Досан, Қарауылтөбе, Наурыз, Сабалақ, е.м, Жылыжай кешені, Тораңғылсай, Қорқыт ата, Есенов көшелері, Арал ауданы – Сексеуіл, Арал Сода, Қазалы ауданы – Түктібаев, Қармақшы ауданы – Ақай, Жалағаш ауданы - Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл, Шиелі ауданы – 1 Май, Ботабай, Жаңақорған кенті,) құрылысы толығымен аяқталды. Нәтижесінде 524 шақырым ауыз су және 2,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылды. Қалған 15 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.
Субсидиялау
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,2 млрд.теңге (3 214 339 мың теңге), оның ішінде, облыстық бюджеттен 3,1 млрд.теңге (3 138 376 мың тг), республикалық бюджеттен 75 млн. теңге (75 963 мың тг) бөлініп, игерілді. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 184.