2020 жылдың IV тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба (13 әлеуметтік нысан) бойынша конкурстық құжаттамалар әзірленіп, жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтары газға ауыстырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылып, бюджет қаражаты үнемделетін болды.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млн.теңгеге спорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Бұдан басқа, «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынды.
«Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бөлінген 4 млрд.теңгеге 7,9 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 577 құрап отыр (47,2 %).
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
2020 жылдың III тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар (13 әлеуметтік нысан) бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 1,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87 565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылды және мемлекет бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты 2019 жылдың ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 млрд.теңгеге 7,8 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын және аудан орталықтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 5 240 407,8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр (51,1 %).
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылдың I жартыжылдығында жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар (13 әлеуметтік нысан) бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 1,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 1 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 1 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87 565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстыру үшін жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылатын болады және мемлекет бюджетін үнемдеуге және бюджетке түсетін бір жолғы жүктемені төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты 2019 жылдың ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3,9 млрд.теңгеге 7,3 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын және аудан орталықтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 5 240 407,8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр.
2019 жылға 10 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Қызылорда – 3 үй, Арал – 4 үй, Қармақшы – 2 үй, Жалағаш – 1 үй).
Нәтижесінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы санынан күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 52,8 пайыздан 51,1 пайызға дейін төмендетілді.
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылдың I тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шиелі ауданының 9 әлеуметтік нысанының және Арал ауданындағы 4 әлеуметтік нысанының қазандықтары газ отынына ауыстырылып, қазіргі таңда сервистік қызмет көрсетілуде. Нәтижесінде 13 әлеуметтік нысанды газға ауыстыру арқылы бюджеттен отын қорына жұмсалатын қаржы көлемі кемінде 3-4 есеге төмендетілді.
Сондай-ақ, 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылып, қазынашылық органдарына тіркелді. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 6 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 29,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 4 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 2 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта спорт саласындағы 6 әлеуметтік нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында газ отынына бейімделетін болады.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 13 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылатын болады және мемлекет бюджетін үнемдеуге және бюджетке түсетін бір жолғы жүктемені төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Қызылорда қаласындағы ҚЖЭО МКК-ның «Белкөл» қазандығын реконструкциялау» бойынша құрылыс-жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 1335 тұрғын және 3 әлеуметтік нысан үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етілді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты биыл ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 145 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр.
2019 жылға 10 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Қызылорда – 3 үй, Арал – 4 үй, Қармақшы – 2 үй, Жалағаш – 1 үй).
Нәтижесінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы санынан күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 52,8 пайыздан 51,1 пайызға дейін төмендетілді.
Ағымдағы жылда 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлінді. Тиісті жұмыстарды бастау ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.
2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шиелі ауданының 9 әлеуметтік нысанының және Арал ауданындағы 4 әлеуметтік нысанының қазандықтары газ отынына ауыстырылып, қазіргі таңда сервистік қызмет көрсетілуде. Нәтижесінде 13 әлеуметтік нысанды газға ауыстыру арқылы бюджеттен отын қорына жұмсалатын қаржы көлемі кемінде 3-4 есеге төмендетілді.
Сондай-ақ, МЖӘ аясында 13 әлеуметтік нысанның газ отынына ауыстыру бойынша 7 жобаның конкурс құжаттамалары әзірленді, жекеше әріптес айқындалды. Құрылыс-монтаж жұмыстар 2020 жылда өтетін болады.