2020 жылдың IV тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы электрмен қамту жүйелерін дамыту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд. 337 млн.теңге (оның ішінде РБ 1 млрд. 300 млн.теңге, ОБ 2 млрд. 37 млн.теңге) бөлінді. Аталған қаржыға ағымдағы жылы 5 жоба жүзеге асырып пайдалануға берілді.
Қармақшы ауданында «Өңірлерді дамытудың» бағдарламасы аясында – 1 жоба, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» бағдарламасымен 2 жоба.
Жоба аясында 2-бірлік қуаттылығы 220/35/10 кВ, 35/10 кВ қосалқы станциялар және 100-ден астам шақырым электрмен желілері қайта жаңғыртылып, 33-дана әр-түрлі кернеуліктегі КТПН орнатылды, нәтижесінде аталған ауданның тұрғындары сапалы әрі сенімді электрэнергиямен қамтылды.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы құс фабрикасы және Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ-ң мал шаруашылығы фермасын электрмен жобдықтау жүзеге асырылды. Осы жобалар шеңберінде барлығы 24,4 шақырым 10 кВ әуе желісінің құрылысы жүргізіліп, 2-дана қуаттылығы 1600 кВА қосалқы трансформатор станциялар орнатылды
Облыстық бюджеттен «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаржыға Жалағаш ауданындағы 6-елді мекеннің тозығы жеткен электрмен қамту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Аққыр, Мәдиниет, Жаңадария елді мекендерінің тұрғындары жаңғыртылған электр желілеріне қосылды, қалған 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Сонымен бірге, Қызылорда қаласы Сабалақ саяжайындағы 6 – учаскенің тұрғындарының өз бетінше салынған электр желілерін (самострой) құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде кернеулігі 30 шақырым электр желісі салынып, 6 дана әр-түрлі қуаттылықтағы қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды, 540-тан астам тұтынушы тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтылды.
2020 жылдың III тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 640,4 млн.теңгеге (РБ-965,6 млн.тг, ОБ-164,1 млн.тг.) Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ«Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.(Іске асыру мезімі 2019-2020 ж.)Ағымдағы жылдың 1 қазанына 919,6 млн.теңге (РБ-848,3 млн.тг., ОБ-71,4 млн.тг) игерілді. 2020 жылдың желтоқсанына дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
«Заңды тұлғалардың капиталын қалыптастыру және ұлғайту» бағдарламасы аясында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на Жалағаш ауданы Аққұм елді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Төретам және Ақай е.м. 6-10/0,4 кВ электр жүйесі, Төретам елді мекеніндегі 35/10кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 95 пайызы орындалды. Карантинге байланысты аяқталуы 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарлануда. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындары үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.
2020 жылдың I жартыжылдығында электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 056,3 млн.теңгеге (РБ-892,2 млн.тг, ОБ-164,1 млн.тг.) Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ « Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 шiлдесіне 627,9 млн.теңге (РБ-556,5 млн.тг., ОБ-74,4 млн.тг) игерілді. 2020 жылдың қыркүйекке дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
«Заңды тұлғалардың капиталын қалыптастыру және ұлғайту» бағдарламасы аясында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на Жалағаш ауданы Аққұм елді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Төретам және Ақай е.м. 6-10/0,4 кВ электр жүйесі, Төретам елді мекеніндегі 35/10 кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2 156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін облыстық бюджетке құны 6 368,8 млн. теңгені құрайтын бюджеттік өтінім тапсырылды.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Карантинге байланысты аяқталуы 2020 жылдың 3-тоқсанына жоспарлануда. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындары үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.
2020 жылдың I тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 924 182 мың.теңгеге Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 сәуірге 277 142 мың.теңге игерілді. 2020 жылдың қыркүйекке дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
Жалағаш ауданы Аққұм еліді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Төретам және Ақай е.м. 60-10/0,4 кВ электр жүйелерін, Төретам елді мекеніндегі 35/10 кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2 156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемесін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін облыстық бюджетке бюджеттік өтінім жолданды.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігер мекемемен келсім шарт жасалды.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 80 пайызы орындалды, аяқталуы 2020 жылдың 2-тоқсанына көзделген. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындар үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.
2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
2019 жылы «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасы іске асырылды, нәтижесінде қуаттылығы 32 МВА қосалқы станциясы пайдалануға беріліп Қызылорда қаласының сол жақ жағалау бөлігінің тұрғындары, тұрмыстық және әлеуметтік нысандары үздіксіз электрэнергиясымен қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттен бөлінген 510,6 млн.теңгеге Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ «Жосалы» подстанциясының қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылуда. Жобаның құрылыс-жұмыстары 2020 жылы аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 34 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
Қызылорда қаласындағы қосалқы «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» стансасын қайта жаңғырту жобаларының жоба-сметалық құжаттамалары бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңарық а/о орналасқан «Бекарыс и К» ауылшаруашылығы өндіріс кооперативінің шаруашылықтарын электр қуатымен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 9-шаруа қожалыққа 15 шақырым электр желісі жүргізіліп, 8 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылары орнатылды.
Оған қоса, аталған бағдарлама аясында Махамбет ауылдық округіндегі көлемі 2,157 га құрайтын жылыжай кешенін электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында қуаттылығы 2х1600 кВА блокты-модульді трансформаторлық қондырғысы орнатылып 5,4 шақырым электр тарату желісі салынады.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 52 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 80 пайызы орындалды, аяқталуы 2020 жылдың 2-тоқсанына көзделген. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындар үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.
Облыстағы Жалағаш және Шиелі аудандарында инвесторлардың қаражаты есебінен салынған жалпы қуаттылығы 80 МВт құрайтын екі күн электр стансалары іске қосылып, 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың орындалуына өң әсерін тигізуде.