Басқарманың құзырына кіретін мәселелеріне сәйкес нормативтік құқықтық актілер әзірлейді.
Облыстың электрмен қамту саласындағы құрылысы аяқталған объектілерін және басқа да объектілерін төл құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыстық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде облыстық бюджеттік комиссия отырысына мәселелер әзірлейді.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «ҚЭТТК» АҚ-ның Жарғысына сәйкес «ҚЭТТК» АҚ-на қатысты барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады.
Облыстың энергетика саласын дамыту мәселелерін шешуге қаржы қажеттілігін негіздеп, тиісті органдарға ұсыныс енгізеді.
Энергетикалық ресурстарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асырады.