Меню

Страницы

Статья

2020 жылы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

2020 жылдың IV тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

2020 жылы 10 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 4,9 млрд.теңге (4 911,8 млн.теңге)  бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджет 3,5 млрд.теңге
(3 473,5 млн.теңге), облыстық бюджет 975,9 млн.теңге, "Жұмыспен қамту жол картасы" - 462,4 млн.теңге.

- "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 3 газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде: Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылы, Шиелі ауданындағы Байсын ауылы, Арал ауданы Арал қаласының газдандырылмаған көшелеріне газ желісін тарту.

- Республикалық және облыстық бюджеттері есебінен 3 газдандыру жобасы (Арал ауданындағы Жақсықылыш кенті, Сырдария ауданындағы Тереңөзек кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі газдандырылмаған көшелеріне газ желісін тарту) аяқталып, 4 газбен жабдықтау жобасы (Қармақшы ауданындағы Жосалы кенті, Жалағаш ауданындағы Жалағаш кенті, Қазалы ауданындағы Қазалы кенті, Шиелі ауданындағы Бекежанов ауылы)
2021 жылға өтпелі.

Нәтижесінде 256,9 шақырым газ құбыры тартылып, 20 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылды. Облыстық газбен жабдықтау үлесі 65 пайызға дейін көтерілді.


2020 жылдың III тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінгі күнге, облыстың табиғи газбен қамту үлесі 63% құрайды.

2019 жылдан бастап 3 аудан орталығы (Жосалы, Жалагаш, Тереңөзек) мен Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобалары жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы құны 9 365,8 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 8 429,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 936,6 млн.теңге.

2020 жылға аталған жобаларды жүзеге асыруға 4 577,9 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 3 753,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 824,3 млн.теңге. Бүгінгі күнге 3 689,5 млн. теңге немесе 80,6% игерілді.

Бірінші жартыжылдықта Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобасы аяқталды. Жобаға сәйкес 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алды.

Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйскес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі газдандырылмай қалған көшелеріне газ құбырын жеткізу жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 70,4 млн.теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді.

Қармақшы ауданындағы Төратам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев е.м., Шиелі ауданындағы Байсын е.м. газдандыруға және Арал қаласындағы газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын салуға 488,1 млн.теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша  облыстық бюджеттен "АралСода" ЖШС-нің кальцийленген сода өндіру зауытын газдандыру жобасына 50 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.


2020 жылдың I жартыжылдығында газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінгі күнге, облыстың табиғи газбен қамту үлесі 63% құрайды.

2019 жылдан бастап 3 аудан орталығы (Жосалы, Жалагаш, Тереңөзек) мен Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобалары жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы құны 9 365,8 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 8 429,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 936,6 млн.теңге.

2020 жылға аталған жобаларды жүзеге асыруға 4 577,9 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 3 753,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 824,3 млн.теңге. Бүгінгі күнге 2 511 млн. теңге немесе 54,8% игерілді.

Бірінші жартыжылдықта Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобасы аяқталды. Жобаға сәйкес 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алды.

Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйскес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі газбандырылмай қалған көшелеріне газ құбырын жеткізу жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 70,4 млн.теңге. Нысан пайдалануға берілді.

Қармақшы ауданындағы Төратам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев е.м., Шиелі ауданындағы Байсын е.м. газдандыруға және Арал қаласындағы газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын салуға 488,1 млн.теңге бөлінді.


2020 жылдың I тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

2020 жылы 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын аяқтауға  республикалық бюджеттен 5 304 346 мың  теңге  және облыстық бюджеттен 551 985  мың тенге,  барлығы  5 856 331  мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда, аталған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде, яғни 85,5 шақырым шақырым жоғарғы,орта және төменгі газ құбырлары дәнекерленіп салынып, бөлінген қаржының 27%  игерілді. Нысандардың аяқталу мерзімі 2020 жылдың аяғы.

Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі кварталішілік газ тарату (жеткізу) жүйелерінің құрылысы» жобасын аяқтауға  облыстық бюджеттен 70 440 мың теңге қаржы бөлініп,  қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанның аяқтаулы мерзімі үстіміздегі жылдың мамыр айы.

Төретам, Ақай елді мекендерінде кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 90 985 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының қортындысы бойынша сот процесі жүргізілуде.


2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

2019 жылға республикалық бюджеттен 4 349 556 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: 2 2019 жылға республикалық бюджеттен 2 жобаны аяқтауға ("Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу" және "Тереңөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" мгистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы") – 1 174, 6 млн теңге, 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын бастауға 3 174, 9 млн теңге.
Сонымен қатар, аталған жобаларды облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру үшін 208,8 млн теңге қаржы бөлінді. Жобалар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды:
1. "Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1-кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газ құбыры)" жобасы бойынша құрылыс-жұмыстары толығымен аяқталып, 12,5 шақырым жоғарғы қысымды газ құбырлары жүргізілді. Нысан 2019 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
2. "Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Нысан 2019 жылдың 25 қыркүйегінде мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды.
3. 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жұмыстары басталып, құрылыс-монтаж жұмыстарының 50-55 пайызы орындалды. Сонымен қатар, 184,2 шақырым жоғарғы, орта және төменгі газ құбырлары дәнекерленіп салынды және 6 дана ГРП, 3 дана ШРП орнатылды. Жобалардың құрылысы 2020 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беріледі.
4. 2019 жылы «Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлерге газ құбырын жеткізу» жобасына облыстық бюджеттен 139,9 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 7,8 шақырым газ құбырлары салынып, 2-дана ШРП орнатылды. Қазіргі таңда, нысан толығымен аяқталып пайдалануға берілді.
5. «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі кварталішілік газ тарату (жеткізу) жүйелерінің құрылысы» жобасына облыстық бюджеттен 88,2 млн теңге қаржы бөлініп, 9,7 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, 1 дана ШРП орнатылды.
6. «Қазалы ауданы Қазалы қаласына газ құбырын жүргізу» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 13,9 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Дата публикации
17 марта 2020
Дата обновления
17 марта 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы