2021 жылдың IV тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 265 рет, әлеуметтік желіде 275 рет көрсетілді және брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 9 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 900 жай серіктестік құрылды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
2021жылы«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Қызылорда қаласындағы 11 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге 681 910 мың. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі күнге, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2021 жылғы 577 үйден 566 үйге азайды немесе 47,2 %-дан 46,32%-ға төмендетілді.
Жылумен жабдықтау бойынша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27,2 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен жобалау жұмыстары аяқталып, сараптама қорытындылары алынуда.
Жарықтандыру жұмыстары
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген 152,5 млн.теңге қаржыға Жалағаш кентіндегі 4 көше мен Сырдария ауданы Ақжарма ауылындағы 3 көше, сондай-ақ Тереңөзек – Шаған автожолының бойындағы көше жарықтандырылды.
Абаттандыру жұмыстары
2021 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 163,0 млн.теңге қаржыға Қызылорда қаласындағы Жахаев көшесі мен Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баhадүр ескерткішінің аумағы абаттандырылды.
2021 жылдың III тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 190 рет, әлеуметтік желіде 220 рет көрсетілді және брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 9 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 327 жай серіктестік құрылды.
Жылумен жабдықтау бойынша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27 233,8 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен жобалау жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың II тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 30 рет, әлеуметтік желіде 25 рет көрсетілді және брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 2 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 175 жай серіктестік құрылды.
Жылумен жабдықтау бойынша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27 233,8 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың I тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 8 рет, әлеуметтік желіде 6 рет көрсетілді және 3750 брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 1 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 3 жай серіктестік құрылды (Қазалы ауданы – 1 МИБ, Қызылорда қаласы- 3 ЖС).