2021 жылдың IV тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.
2021 жылдың қортындысы бойынша Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттеріне, Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов және Қодаманов елді мекендері табиғи газға қосылды. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 67 пайызға өсті. 2021 жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов елді мекендерін, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая елді мекендерін газдандыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары жалғасы, жоба 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толықтай аяқтау жоспарлануда. Басқарма тарапынан Арал ауданындағы Сексеуіл кентін, Қармақшы ауданындағы Төретам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобалары және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекенінде АГТС орнату жобасы әзірленді.
2021 жылдың III тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.
Өткен жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін, Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев және Шиелі ауданындағы Байсын ауылдарына газ берілсе, биыл жыл басында Тереңөзек кенті табиғи газға қосылды.
Ағымдағы жылы 48 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алады. Бұл жұмыстарға 2021 жылға 4,1 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 3,4 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 748,6 млн.теңге.2021 жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кенттері, тамыз айында Шиелі ауданы Н.Бекежанов елді мекені табиғи газға қосылып, 38 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік алды. Ал, жыл соңына дейін Қазалы қаласы, Шиелі ауданы Қодаманов елді мекені газға қосылады.Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауды жоспарлануда. Аталған жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың II тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.
Өткен жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін, Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев және Шиелі ауданындағы Байсын ауылдарына газ берілсе, биыл жыл басында Тереңөзек кенті табиғи газға қосылды.
Ағымдағы жылы 48 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алады. Бұл жұмыстарға 2021 жылға 4,4 млрд.теңге бөлінді.
2021 жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кенттері, жыл соңына дейін Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов, Қодаманов ауылдары газға қосылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылына, Арал ауданы Сексеуіл кентіне, Қармақшы ауданы Төретам және Ақай елді мекендеріне, Жаңақорған ауданы Бірлік, Қыраш, Төменарық елді мекендеріне газдандыру жобалары әзірленуде.
2021 жылдың I тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет
2021 жылы 5 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 3,0 млрд.теңге (3 024 млн.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджет 2,2 млрд.теңге (2 168,9 млн.теңге), облыстық бюджет 297,6 млн.теңге, "Ауыл - ел бесігі" - 557,5 млн.теңге.
- "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Шиелі ауданындағы Қодаманов аулын газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылады.
- Республикалық және облыстық бюджеттері есебінен 4 газдандыру жобаны (Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов ауылы, Арал ауданы Арал қаласындағы "АралСода" зауытына газ тарту) жүзеге асырылады.
Елді мекендерді газдандырудың 5 жоба-сметалық құжаттамасын (Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекеніне АГТС орнату, Қармақшы ауданындағы Төретам және Ақай елді мекендеріне және Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылына ауылішілік газ тарату желілерін салу) әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 46,5 млн.теңге бөлінді.
- «Тереңөзек АГТС-тен Жалағаш БГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды бұрма-газ құбырын және Жалағаш кентінің орамішілік газбен жабдықтау желілерін салу» жобасына 1 500 647 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 982 948 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 65,5 пайызды құрайды. Нәтижесінде 18,5 шақырым газ құбырлары салынды.
- "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласын газбен жабдықтау" жобасының құрылысын жүргізуге 383 711 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 40 000,0 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 10,4 пайызды құрайды. Нәтижесінде 1,4 шақырым газ құбырлары жүргізілді.
- «Қармақшы ауданындағы Ақай елді мекеніне газ жеткізу құбырының және газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 653,8 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз игерілді. Нәтижесінде, жобаның мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы 2021 жылдың 5 сәуірінде алынды.