Меню

Страницы

Статья

2021 жылы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылдың IV тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 69 % құрайды.

2021жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201 938,5 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.

Жалағаш ауданыдағы 6 е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.

Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, аталған елді мекен тұрақты және сапалы электрмен жабдықталды.

Республикалық және облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жобаның аяқталу мерзімі 2022-2023 ж.ж. көзделген.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бюджетінің қаржысына Қызылорда қаласындағы ет комбинатын және Жаңақорған ауданындағы шаруа қожалықты электрмен қамту жобалары пайдалануға берілді.

2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылады. 


2021 жылдың III тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

«Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша мердігер анықталды. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау  жұмыстары басталды.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу» лотының мердігері анықталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталды.

«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр атындағы е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.

Одан бөлек  «80 000 жай акцияларын орналастыру арқылы ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» жобасы аясында Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, аталған елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.


2021 жылдың II тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

«Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жалғастырылуда.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу» жобасы бойынша жобалаушы мекеме анықталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталды.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге  қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр атындағы е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.

Бұдан бөлек «80 000 жай акцияларын орналастыру арқылы ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» жобасы аясында Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, аталған елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.


2021 жылдың I тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

«Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «ГМЗ» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Комсомол» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Залинейная» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Промышленная» ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 590 318 жай акцияларын орналастыру» жобасы аясында Бұқарбай батыр е/м электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру.  «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 80 000 жай акцияларын орналастыру» жобасы аясында Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту жұмыстарын жалғастыру.  

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірлеу, мемлекеттік сараптама қорытындысын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналдық тарифтері бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыру.

Дата публикации
19 января 2022
Дата обновления
19 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы