Меню

Страницы

Статья

2021 жылы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылдың IV тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және облыстық бюджеттен жалпы құны 2,2 млрд.теңге  (республикалық бюджеттен 2,1млрд. теңге,  облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге) болатын барлығы 8 жобаларды  іске асыруға қаржы бөлінді.

Жылдың қорытындысымен 1,8 млрд.теңгесі игеріліді. оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге,  облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге немесе 82 пайыз.

Жалпы нәтижесінде 110,7 шақырым ауыз су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынды, 52 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 20 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады. 3 жобалар  - 2022 жылға өтпелі болып саналды.

Субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді. нәтижесінде 178 елді мекеннің сумен қамту қызметі атқарылды.

Жыл қорытындысымен облыс халқының 97,8 пайызы орталықтандырылған ауыз жүйесін пайдаланды.

Анықтама үшін:«Нұрлы жер» бағдарламасымен:

«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Нысанның құрылысы аяқталып 11,4 км кәріз желілерінің жаңғыртылды. Құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылды.  Байқоңыр қаласындағы 16061 тұтынушының  суды бұру қызметінің сапасы жақсарды.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1 146,5 млн.теңге (РБ –1 131,7 млн.теңге, ОБ –14,8 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:

3 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынып жобалар актімен қабылданды және Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Жалпы 43,3 шақырым ауыз су жүйелері жаңартылды.

3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді.

12 айдың қорытындысымен жоспардағы 2 035 734 мың теңгенің 1 722 293 мың теңгесі немесе  84 пайызы игерілді, оның ішінде, РБ – 1 940 226 мың теңгенің 1 626 785 мың теңгесі немесе 84 пайызы, ОБ – 95 508 мың теңгенің 100 пайызы игерілді.

 «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. 2021 жылы жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 214 885 мың теңге бөлініп, 111 559,0 мың теңгесі игерілді, яғни 52 пайыз). Бүгінгі күнге 193,1 шақырым су жүйесі салынды және 3000-ға жуық үйге су кіргізілді. Жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылға өтпелі болып саналды.


2021 жылдың III тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылы сумен қамту және су бұрудың 8 жобасына 2,3 млрд.теңге (2 283 715 мың тг) бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 2,2 млрд.теңгеге жуық (2 155 111 мың тг), облыстық бюджеттен - 128 604 мың.теңге.

Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспардағы 1 101 743 мың. теңгенің 1 069 040 мың теңгесі немесе  97 пайызы игерілді. Оның ішінде, РБ – 1 065 107 мың теңгенің 1 038 222 мың тегесі немесе 97,5 пайызы,  ОБ – 36 636 мың теңгенің 30 818 мың теңгесі немесе 84 пайыз.  

Нәтижесінде 223 шақырым су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынатын болады. 57 адам уақытша жұмыспен қамтылады, 90 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады.

Анықтама үшін: «Нұрлы жер» бағдарламасымен:

«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Жоба қуаттылығы - 11,4 км кәріз желілерінің жаңғырту.

Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары жүруде. Нысанды аяқтау мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.

Нысанның құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылады. Жоба іске асқан жағдайда Байқоңыр қаласындағы 16 061 тұтынушының  суды бұру қызметінің сапасы жақсарады.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1 167,6 млн.теңге (РБ –1 131,7 млн.теңге, ОБ –35,9 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:

2 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынып жобалар актімен қабылданды.

1 жоба - Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Қзіргі таңда жобаның құрылысы аяқталуға жақын.

3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүруде.

Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспардағы 1 045 215 мың. теңгенің 1 012 512 мың теңгесі немесе  97 пайызы игерілді. Оның ішінде, РБ – 1 008 579 мың теңгенің 981 694 мың тегесі немесе 97,3 пайызы, ОБ – 36 636 мың теңгенің 30 818 мың теңгесі немесе 84 пайыз.  

Жалпы, 6 жоба бойынша 122,2 км ауыз су жүйелері жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, 42 уақытша жұмыс орындар құрылады. Нәтижесінде 11 468 адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. Өткен жылы 93 шақырым сервистік жүйе салынды.

2021 жылы жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 214 885 мың теңге бөлінді. Жоспар бойынша 101,3 шақырым сервистік жүйе салынады. Нәтижесінде 31 530 адамға сапалы сумен қамту қызметі көрсетіледі.

 


2021 жылдың II тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылы сумен қамту және су бұрудың 8 жобасына 2,4 млрд.теңге (2 398 995 мың тг) бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 2,2 млрд.теңге (2 237 910 мың тг), облыстық бюджеттен - 161 095 мың.теңге.

Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспарындағы республикалық бюджеттен бөлінген 209,4 млн. теңге қаржы толығымен игерілді. Жұмыстар жалғасуда.

Нәтижесінде 223 шақырым су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынатын болады. 57 адам уақытша жұмыспен қамтылады, 90 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады.

Анықтама үшін: «Нұрлы жер» бағдарламасымен:

«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Жоба қуаттылығы - 11,4 км кәріз желілерінің жаңғырту.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігері анықталды. Нысанды аяқтау мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.

Нысанның құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылады. Жоба іске асқан жағдайда Байқоңыр қаласындағы 16061 тұтынушының  суды бұру қызметінің сапасы жақсарады.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1184,8 млн.теңге (РБ –1148,91 млн.теңге, из ОБ –35,9 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:

2 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде;

1 жоба - Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Есепті кезеңге 8 км су жүйесі салынды;

3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.

Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспарындағы республикалық бюджеттен бөлінген 209,4 млн. теңге қаржы толығымен игерілді.

Бірінші жартыжылдық қорытындысымен 35,9 км ауыз су жүйелерінің құрылысы атқарылды.

Жалпы, 6 жоба бойынша 122,2 км ауыз су жүйелері жаңғырту жұмыстары жоспарлануда,42 уақытша жұмыс орындар құрылады. Нәтижесінде 11 468 адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. Өткен жылы 93 шақырым сервистік жүйе салынды.

2021 жылы жобаны аяқтауға 312 987 мың теңге бөлінді (РБ – 280 468 мың тг; ОБ – 32 519 мың тг). Жоспар бойынша 101,3 шақырым сервистік жүйе салынады.Нәтижесінде 31 530 адамға сапалы сумен қамту қызметі көрсетіледі.


2021 жылдың I тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2021 жылы ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 және облыстық бюджеттен 1 жобаға жалпы 1,4 млрд.теңгеге (1 394 009 мың теңге) қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге (1 262 813 мың теңге), облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге (131 196 мың теңге).

Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша игерілгені 20 млн. теңге немесе 100 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша 2021 жылға барлығы 3,4 млрд.теңге (3 361 800 мың теңге) бөлініп, ай сайын қаржылық жоспарға сәйкес игерілуде.

Анықтама үшін: бағдарламалар бөлінісінде төменгідей:

«Нұрлы жер» бағдарламасымен барлығы 5 жобаны іске асыруға 1,4 млрд.тг (1 391 417 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,3 млрд.тг (1 262 813 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,1 млрд.тг (128 604 мың тг) қоса қаржыландырылды.

Нәтижесінде 43,3 шақырым ауыз су, 11,4 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Қараөзек ст, Қазалы ауданы – Жаңқожа батыр, Майдакөл е.м., Қармақшы ауданы – Төретам, Байқоңыр қаласы) және 20 мыңға жуық адамның ауыз сумен қамтылуы жақсарады.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазалы ауданының Жанқожа батыр және Майдакөл елді мекендеріндегі жобалар бойынша мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.

Облыстық бюджет қаржысы есебінен "Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау" жобасының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 2,5 млн. теңге (2 592 мың теңге) бөлінді. Жобаның сараптамадан өткізуге қосымша 1 млн. теңге (1 016,2 мың теңге) қаржы қажет етеді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Субсидиялау бойынша

Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,4 млрд.теңге (3 361 800 мың теңге) бөлінді. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 171.

Дата публикации
19 января 2022
Дата обновления
19 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы