2021 жылдың 1 тоқсанының қорытынды есеп кезенінде Басқармаға барлығы 48 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 27, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер -21.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі.