Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөніндегі іс - шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында есептік кезеңде басқарма ұжымының қатысуымен Құқықтық оқытулар өткізіліп, Қазақстан Республикасының" Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдарының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелері және енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі бөлігінде енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Осыған байланысты, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін басшыларды жауапкершілікке тарту алгоритмі әзірленді, сондай-ақ алгоритм бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды тұлға бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында басқарма қызметінің салалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сондай-ақ, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді, сондай-ақ" Сыр бойы "және" Кызылординские вести "газеттерінде жарияланған сенім телефоны 8 (7242) 60-54-08"орнатылды.