Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарды. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы негізінде «Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында жергілікті жерлерге шығу арқылы жеке қабылдаулар ұйымдастыру туралы» Басқарма басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдар нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының талаптарына сәйкес Басқарма басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен 2019 жылға арналған жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіліп, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарында жарияланды. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері Басқарма қызметшілеріне таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Басқарма басшысының 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы №130-нқ бұйрығы негізінде 2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде заңнама талаптарына қайшы келетін бұзушылықтар анықталған жоқ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында Басқармада жұмыс тобы құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оны жою мақсатында коллизиялық қарама – қайшылықтарға мониторинг жүргізіліп, қорытындысы жобалық кеңсе жетекшісіне ұсынылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мен бюрократиялық кедергілерді жою мақсатында әзірленген арнайы ролик және ақпараттық-насихаттық материалдар (брошюралар мен бейнероликтер) мемлекеттік органдар және бағынысты мекемелердің ғимараттарына орналастырылып, таратылды. «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1-ші қабатында жеке қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі 4-ші қабатта орналасқан. Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңмен көрсетілген мерзімде жауаптары берілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жергілікті басылымдарда мақалалар жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшін жауапкершілікті арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен бірге басқармаға қарасты барлық мемлекеттік мекемелерге заңнама талаптарын сақталуын қамтамасыз ету қатаң тапсырылды. Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар анықталған жоқ.