Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу барысы
2019 жылдың қорытынды есеп кезенінде Басқармаға барлығы 225 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер - 157, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер -68. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Аталған кезеңде басқарма басшысы және орынбасарларының жеке қабылдауында 25 азамат болды. Қабылдауда болған азаматтарға тиіс түсіндірмелер берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі.