Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасыда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларымен таныстыру мақсатында құқықтық оқу өткізіліп, және Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет. Қоғамның басты тұлғасы адам. Қоршаған ортаның экологиялық ахуалына және өмірінің қауіпсіздігі әр кезде жауапты екенін атап өтіп, осы проблемалық мәселелерге ұжымдық талқылау жүргізді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы М. Усаин басқармада қызмет жасап жатқан әйел қызметкерлерді құттықтап, алғыс білдірді және жұмыстарына табыстар тіледі.
Осы орайда басқарма басшысының орынбасары Қ. Құдабекова облыс әкімінің салтанатты кездесуінде болып, атқарған нәтижелі қызметі үшін алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
23 маусым - мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай басқарма басшысы М. Усаин басқарма қызметерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметкерлерге жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді.
Осы орайда көрсеткен белсенділігі үшін басқарманың мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Н. Қуантаев мемлекеттік қызметтегі нәтижелі қызметі үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылдың 2 қыркүйек күні Басқарма басшысының орынбасары Ж. Еламанның төрағалығымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы» тақырыбында құқықтық оқыту жүргізілді. Оқыту барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жиі кездесетін салалар және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы қызметкерлермен аталған тақырып төңірегінде пікір алмасты.
2020 жылдың 7 қыркүйек күні Облыс әкімі Г. Әбдіқалықова мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарымен кездесті.
2020 жылдың 28 қыркүйек күні Облыс әкімі Г. Әбдіқалықова «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне байланысты сала үздіктерін марапаттады.