Газбен жабдықтау бойынша
2022-2025 жылдар аралығында елді мекендерді газдандыру жобаларына 57 млрд. теңге қаржы бөлініп, 68 жоба жүзеге асырылды.
Нәтижесінде соңғы үш жылда халықты газдандыру деңгейі
70 пайыздан 83 пайызға дейін ұлғайды.
Бұдан бөлек, 1,5 мың шақырымды құрайтын «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 2 желісі салыну жоспарлануда. Жоба құны 6,5 млрд. АҚШ доллар. Облыс аумағынан 846 шақырым газ құбыры өтетін болады.