Жылумен қамтамасыз ету бойынша
2022-2025 жылдары аралығында жылу энергия көздерін жаңғырту бойынша 14 млрд.теңге қаржыға 9 қазандық,
3 газотурбина, 1 күштік трансформатор, 1 бу турбинасы және 19 автономдық қазандық жаңғыртылды.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 22 млрд. теңге қаржы бөлініп, 20 жоба бойынша 27 шақырым жылу желісі жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желісінің тозу деңгейі
51 пайыздан 40 пайызға төмендеді.