1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
Облысымызда құны 892 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда.
Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлініп, қазіргі кезде технико-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Станция Сырдария ауданының аумағына салынатын болады.
Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қоса, жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 кВ жоғары қуаттылы электр желілері салынатын болады. Инвестиция құны шамамен 220 млрд.теңгені құрайды.