Меню

Страницы

Статья

Сумен жабдықтау және суды бұру туралы

Сумен жабдықтау және суды бұру туралы

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар.

Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.

Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 23 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Жол картаға сәйкес облыс аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған ауылдар қатарындағы Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу, Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.

Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу жобасына республикалық бюджеттен - 440 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 1,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 432,6 млн.теңге қаралған.

Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жобаларына республикалық бюджеттен - 347 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 847 млн. теңге және облыстық бюджеттен 298,9 млн.теңге қаралған. Қазіргі таңда жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 83 шақырым су құбыры салынып, 6 мыңға жуық адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді сапалы таза ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрайтын болады.

Сонымен қатар, Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жобасын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын қайта жаңғыртуға 720,8 млн.теңге және Қызылорда қаласы Гагарин көшесіндегі КНС реконструкциялауға 101,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.

Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 жобаның құрылысына                           1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 32%-ға төмендейді деп күтілуде.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы