Меню

Страницы

Статья

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ
Аймағымызда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Газдандыру, ауыз су, электр энергетикасы, жылумен қамту және апатты үйлер мәселесін шешу бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы, ыстық сумен қамту жүйесі және көпқабатты үйлерді жөндеу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Ізмағамбетов баяндады.
- Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту, жылумен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтары табиғи газға қосылды, биыл бірнеше ауылдық елді мекендерге газ беріліп, қамту деңгейін 82 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту - біздің басым бағытымыздың бірі. Қазір осы мақсатта топтық су құбырлары тартылып, ішкі су жүйелері жаңартылуда. Электр энергетикасында тозған желілер мен қосалқы станциялар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу де басты назарда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, ол толық іске қосылғанда облыстың энергетикалық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. Біздің міндет - әрбір жобаны сапалы аяқтап, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға барынша үлес қосу,- деді Бауыржан Нұрланұлы.

Дата публикации
29 июля 2025
Дата обновления
29 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы