Хабарландыру!
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық басқармасы мен оған қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізіледі
Талдау барысында басқармаға қатысты барлық саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенетін болады. Азаматтардың, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары басқа да бағыттар мәселелері бойынша өтініштері, арыздары мен шағымдары басты назарда болады. Талдау жүргізу кезеңі ағымдағы жылдың маусым-шілде айларына жоспарланған.
Осыған байланысты, егер сізде сыбайлас жемқорлық фактілері, осы салаға байланысты басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпаратыңыз, шағымдарыңыз және ұсыныстарыңыз болса, ғимараттың 4 қабатындағы в блокта орналасқан "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық басқармасы" КММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, электрондық мекенжай пошта u.energetika@korda.gov.kz, сондай-ақ 60-54-94 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.
Құрметті азаматтар сіздерді белсенділік танытуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.