Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін анықтау үшін жасалған әлеуметтік- экономикалық талдау қорытындысы

«Келісілді»

Қызылорда облысының

экономика және қаржы

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы

 

___________Ф. Аббасова

 

«Бекітілді»

Қызылорда облысының

энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы

 

___________М. Усаин

 

 

 

 

«Келісілді» 

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы

 

___________Ғ. Жаңабаев

 

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін анықтау үшін жасалған әлеуметтік- экономикалық

талдау қорытындысы

 

 

 

 

Қызылорда қаласы, 2025 жыл

Қызылорда облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін анықтау үшін жасалған әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындысы

 

Мазмұны

 

 

 

      I.            Талдау мақсаты.

3

 

 

   II.            Талдаудың негізгі параметрлері.

3-4

 

 

III.            Талдау жасауға негіз болған нормативтік құқықтық актілер.

4-6

 

 

IV.            Қызылорда облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз етілу жағдайы:

 

-       Бірыңғай оператордың техника – экономикалық көрсеткіштері.

6-7

-       Ауыз су тарату қызметтеріне бекітілген тарифтер.

7-8

-       Ауыз су тарату қызметтері бойынша көрсетілген қызмет көлемі.

8-9

-       Ауыз су тұтынушыларының төлем қабілеттілігі.

9-10

 

 

   V.            Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайына талдау:

 

-       Еңбек рыногы. Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылуы.

10

-       Халықтың табысы.

10

-       Еңбекақы төлеу.

11

 

 

 VI.          Халыққа берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерінің есебі.

12-13

 

 

   VII.     Қорытынды.

13-15

 

  1. Талдау мақсаты.

 

Талдау мақсаты – Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы мен ауыз сумен жабдықтау саласының қазіргі жағдайына зерттеу жүргізу арқылы ауыз судың бір текше метрі үшін халықтың төлемақы мөлшерінің қолжетімді деңгейін айқындау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей көрсеткіштер сараланатын болады:

  • облыстың еңбек рыногы мен жұмыссыздық деңгейі;
  • жан басына шаққандағы орташа табыс;
  • орташа жалақы мөлшері;
  • инфляция деңгейі;
  • облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы;
  • сумен жабдықтаушы мекемелердің экономикалық жағдайы мен ауыз суға бекітілген тарифтері;
  • тұтынушылардың ауыз суға төлем жүргізу динамикасы.

 

Ауыз су адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуші базалық қажеттілік болып табылады. Сондықтан, халықты сапалы ауыз сумен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету және оған әділ және қолжетімді баға белгілеу бірінші кезектегі маңызды мәселе болып табылады. Сараптама жүргізу барысында облыстың негізгі әлеуметтік- экономикалық дамуының соңғы 3 жылдағы нақты және алдағы 3 жылдағы жоспарлы көрсеткіштеріне, сонымен бірге қазіргі таңдағы су беруші мекемелердің экономикалық жағдайларына жан- жақты талдау жүргізіледі. Сол арқылы тұтынушы халықтың және су беруші мекемелердің қажеттіліктерін бірдей қанағаттандыратын баға белгілеу сараптаманың түпкілікті нәтижесі болып табылады.

  1. Талдаудың негізгі параметрлері.

 

Қызылорда облысының басым бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасқан, сондықтан ауыз сумен жабдықтау мәселесі өзекті болып табылады. Облыстағы сумен жабдықтау саласындағы Бірыңғай оператор – «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалының (бұдан әрі – Филиал) теңгеріміндегі барлық топтық су құбырлары мен оқшау су жүйелері елді мекендердегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылады.

Талдауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

         Жалақы – еңбек үшін қызметкердің біліктілігіне қарай, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және шартына сәйкес сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипатындағы төлемдер.

         Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.

Атаулы жалақы индексі – есепті кезенде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

     Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

     Ең төмен күнкөрiс деңгейi – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс.

Жалақының ең төменгі мөлшері - кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындарда ең аз айлық мөлшерлеме немесе сағаттық ақы төлеу түріндегі еңбек ақының мемлекет ресми белгілеген ең төмен деңгейі; жалдаушы қызметкерге орындалған жұмыс үшін ақшалай немесе заттай төлейтін төлемдердің ең төмен деңгейін айқындайтын норматив.

  • Талдау жасауға негіз болған нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 2003 жылғы 9 шілдедегі №481 37-1- бабының 8-1) тармақшасына сәйкес, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді және бекітеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 жылғы №394 бұйрығымен ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтаудың жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларының (ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы №161 бұйрығы) жаңа редакциясы қабылданды. Субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясымен халықтың төлемақы мөлшеріне өзгерістер енгізіліп отыр (график 1).

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыз сумен жабдықтау саласы жөнінде келесідей тапсырмалар берілді: «Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр.                2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ.                 Бұл – аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс.».

График 1. Халықтың төлемақы мөлшерін белгілейтін субсидиялау қағидаларының ескі және жаңа редакциясы.

         График 1 көрсетіліп отырғандай, субсидиялау қағидаларының ескі редакциясымен халықтың төлемақы мөлшері белгіленген болатын, атап айтқанда: су өлшеуіш құралы орнатылған тұтынушылар үшін 30 (отыз) теңге, су өлшеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін 40 (қырық) теңге.

     «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2021 жылғы                   25 қаңтардағы №411-VI Заңының 2) тармақшасымен Су кодексінің                          37-1- бабы мынадай мазмұндағы 8-9) тармақшасымен толықтырылды: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

         Субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясымен халыққа белгіленген жеңілдетілген тариф мөлшері (30, 40 теңге) алынып тасталды (сурет №1). Енді халықтың төлемақы мөлшері Су кодексінің 37-1- бабының 8-9) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) әзірленген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінің негізінде, әрбір облыстың әлеуметтік- экономикалық жағдайын ескере келе бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілейді.

(Қосымша жалғанады:

  • «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 бұйрығы;
  • Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі»).
  1. Қызылорда облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз етілу жағдайы:
  • Бірыңғай оператордың техника – экономикалық көрсеткіштері.

2017 жылы «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» СЖКБД филиалы облыс аумағында сумен жабдықтау және суды бұру саласында Бірыңғай оператор болып құрылып, 2024 жылдың қыркүйек айында «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалы болып өзгерді.

«Сыр суы» филиалы Қызылорда облысына қарасты 195 елді мекенді немесе 484 815 мың халықты немесе 93,7 мың абонентті үздіксіз, әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Филиал теңгерімінде теңгерімінде                   223 дана І көтерімдегі насос станциясы (ұңғыма), 198 дана ІІ су көтеру насос станциясы және 1,97 мың км магистральдық су құбырлары, 4,63 мың км ішкі су тарату желілері бар. Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған абоненттердің 96% су өлшегіш құралдарымен қамтылған. Филиалдың негізгі қоры 64,4 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде:

  • 2025 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша топтық су құбырлары арқылы Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының 130 елді мекенін немесе 350 691 тұрғынын немесе 63,2 мың абонент сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Топтық су құбырына қосылған өндірістік бөлімшелерге қарасты 111 ауыз су ұңғымасы, 144 насос станциясы, 1 979,15 км магистралды су құбыры және 3 777,91 км ішкі су тарату желілері бар. Топтық су құбырына қосылған 97% абонент су  өлшегіш құралдарымен қамтылған. Топтық су құбырларының негізгі қорлары 46,1 млрд теңгені құрайды.
  • Оқшау су жүйелері арқылы Қызылорда қаласына қарасты және Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарының 60 елді мекендерінің 145,2 мың тұрғын немесе 27,5 мың абоненті сапалы таза ауыз сумен қамтылған. Оқшау су жүйелері өндірістік бөлімшелерінің теңгерімінде                 112 ауыз су ұңғымасы, 54 насос станциясы, 850,1 км ішкі су тарату желілері бар. Оқшау су жүйелеріне қосылған 93% абонент су өлшегіш құралдарымен қамтылған. Оқшау су жүйелерінің негізгі қорлары 18,3 млрд теңгені құрайды.

График 2. 2022- 2024 жылдардағы абонент саны жөніндегі мәлімет (абонент).

     2022 жылы 86 225 жеке тұлғаны таза ауыз сумен қамтамасыз етсе,               2023 жылы 89 068 жеке тұлғаны, ал 2024 жылға 90 494 жеке тұлғаны таза ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді (график 2).

  • Ауыз су тарату қызметтеріне бекітілген тарифтер.

Облыста ауыз сумен жабдықтаушы 3 мекеме бар және олардың қызметтері реттелетін қызмет түрлеріне жатуына байланысты барлығы табиғи монополиялар субъектілері болып табылады.

  1. «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалы бойынша.

         ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 20 наурыздағы № 10-НҚ және 26 наурыздағы №11-НҚ бұйрығымен Филиалдың суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метр үшін ҚҚС- мен 661,33 теңге және суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метр үшін ҚҚС- мен 599,12 теңгені құрайтын тарифі бекітілді.

  1. «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК және «Теміржолсу- Қызылорда» ЖШС.

         «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК-ның және «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-ның бекітілген (болжам) тарифтері кесте 1 келтіріледі.

Кесте 1. Қызылорда облысы бойынша ауыз суды беру қызметінің тарифтері.

 

№

Мекеме атауы

Қызмет түрі

Тұтынушылар топтары бойынша

Бекітілген тариф, теңге ҚҚС-мен

Негізі (бұйрық)

1

«Сыр суы» филиалы

Суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру

 

661,33

26.03.2025ж. №11-НҚ

Суды таратушы желілер арқылы беру

 

599,12

20.03.2025ж. №10-НҚ

2

«Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК

Суды таратушы желілер арқылы беру

халық

77,75

20.03.2025ж. №9-ОД бұйрық

жылу энерг. сал. мекемелер

77,75

бюдж.мек-р

195,71

өзге мек-р

195,71

3

«Теміржолсу Қызылорда» ЖШС

Суды таратушы желілер арқылы беру

тұтынушылар топтары бойынша

533,98

18.07.2024 ж. №35-НҚ

халық

76,01

бюдж.мек-р

238,82

өзге және теміржол сал. мекемелер

1077,22

 

  • Ауыз су тарату қызметтері бойынша көрсетілген қызмет көлемі.

График 3. 2022- 2024 жылдардағы ауыз суды беру қызметінің көлемі жөніндегі мәлімет (млн.м3).

        Ауыз су тарату қызметтері бойынша көрсетілген қызмет көлеміне талдау жасай келе:

  • 2022 жылы жеке тұлғаларға 9,2 млн текше ауыз су таратылды;
  • 2023 жылы жеке тұлғаларға 10,2 млн текше, яғни 110% ауыз су таратылды;
  • 2024 жылы жеке тұлғаларға 10 млн текше, яғни 101% ауыз су таратылды;
  • (график 3).
  • Ауыз су тұтынушыларының төлем қабілеттілігі.

График 4. 2022- 2024 жылдардағы ауыз су тұтынушылардың төлем қабілеттілігі жөніндегі мәлімет (млн.теңге).

         Ауыз су тұтынушыларының төлем қабілеттігі бойынша:

  • 2022 жылы нақты таратылған ауыз су көлеміне сәйкес жеке тұлғалардан 371,8 млн теңге қаражат жиналу тиіс болса, нақты 363,1 млн теңге жиналды, яғни 98%;
  • 2023 жылы нақты таратылған ауыз су көлеміне сәйкес жеке тұлғалардан 373,9 млн теңге қаражат жиналу тиіс болса, нақты 359,3 млн теңге жиналды, яғни 96%. Себебі, төтенше жағдай кезеңіндегі халықтың коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуі;
  • 2024 жылы нақты таратылған ауыз су көлеміне сәйкес жеке тұлғалардан 357,7 млн теңге қаражат жиналу тиіс болса, нақты 356,8 млн теңге жиналды, яғни 100% (график 4).
  1. Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайына талдау:
  • Еңбек рыногы. Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылуы.

Кесте 2. Қызылорда облысы бойынша 2021- 2025 ж. шілде айындағы жұмыссыздық деңгейі.[1]

 

№

Көрсеткіш атауы

нақты

жоспар (бағалау)

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж.

3-тоқсан

2025 ж.

(болжам)

1

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

 

  • Халықтың табысы.

Кесте 3. Қызылорда облысы бойынша 2021-2023 жылдардағы жан басына шаққанда орташа атаулы ақшалай табысы.

№

Атауы

Нақты (теңге)

Болжам

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

2024ж

2025ж

1

Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс, тенге

92 531

120 896

136 698

 

 

2

Орташа айлық атаулы жалақысы

212 777

265 738

313 493

349 918

 

 

График 5. 2021-2023 жылғы Қызылорда облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы.1

Еңбекақы төлеу.

Кесте 4. Қызылорда облысы бойынша еңбекақының негізгі көрсеткіштері.

№

Көрсеткіш атауы

нақты

жоспар (бағалау)

2022 ж

2023 ж

2024 ж

2025 ж

2026 ж

2027 ж

1

Қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге [2]

269 987

330 567

349 918

 

 

 

2

Өткен жылға пайызбен

21.7

22.4

5.8

 

 

 

2.1

атаулы жалақы индексі

131.3

113.5

107.6

 

 

 

2.2

нақты жалақы индексі

116

98.4

99.4

 

 

 

2.3

тұтыну бағасының индексі

 

 

 

 

 

 

3

Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге

60 000

70 000

85000

85 000

 

 

4

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы, теңге

39 446

44 211

45 858

46 908

 

 

 

График 6. 2022-2025 жылғы  Қызылорда облысы бойынша қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы.[3]

  1. Халыққа берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерінің есебі.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінің 3-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, әкімші төлемақы мөлшерін есептеу үшін облыс бойынша орташа тарифті есептейді.

Облыста 3 су беруші мекеме бар. Олар: «Сыр суы» филиалы, «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК, «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің
(бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 20 наурыздағы № 10-НҚ және 26 наурыздағы № 11 –НҚ  бұйрықтарымен «Сыр суы» филиалының:

  • суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метр үшін ҚҚС- мен 661,33 теңге;
  • суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метр үшін ҚҚС- мен 599,12 теңге құрайтын тарифтері бекітілді.

     Филиалдың тарифтері су пайдаланушылардың барлық топтары үшін бірыңғай түрде бекітілуіне байланысты, су өлшеуіш құралы орнатылған су тұтынушылар үшін де, су өлшеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін де ортақ болып табылады.

     ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұйрығымен «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК 1 текше метр үшін ҚҚС-мен 77,75 теңге және «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС 1 текше метр үшін ҚҚС-мен                    76,01 теңгені құрайтын тарифтері бекітілген.

  • ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:

мұндағы:

x ̅ – суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша орташа тариф;

∑x – облыс бойынша ауыз суды есепке алу аспаптарымен сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы сомасы;

n – облыс бойынша ауыз суды есепке алу аспаптарымен сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің жалпы саны.

  • ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:

мұндағы:

x ̅ – суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша орташа тариф;

∑x – облыс бойынша ауыз суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы сомасы;

n – облыс бойынша ауыз суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің жалпы саны.

  • Қорытынды.

     Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінің 6- тармағына сәйкес, облыс бойынша жүргізілген әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындылары бойынша әкімші осы Әдістеменің                      5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, есептелген төлемақы мөлшерін негіздейтін қорытынды дайындайды.

         Жүргізілген талдаудың нәтижесінде облыс бойынша 1 текше метре ауыз судың орташа тарифы анықталды – ҚҚС-мен 353,55 теңге. Бұл тариф деңгейі әдістеме негізінде әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерді талдау нәтижесінде анықталды. Халық үшін ауыз судың бағасы (30, 40 теңге)                 2006 жылдан бастап өзгеріссіз келеді.

         «Республикалық меншiктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің               2006 жылғы 4 мамырдағы №248 қаулысына (күшін жойған) сәйкес, 2006 жылдан бері субсидиялар барлық су тұтынушылардың топтарына (халық, бюджеттік және өзге мекемелер) төленіп, барлығы жеңілдетілген тарифпен (30, 40 теңге) төлем жасап келді (график 7).

График 7. Қызылорда облысы бойынша 2006 – 2025 жылдардағы бөлінген субсидия көлемі (млн.теңге).

«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 бұйрығының 4-тармағына сәйкес, субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, ішетін су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін су берушілерге төленеді. Яғни, 2015 жылдан бастап бюджеттік және өзге мекемелерге субсидияларды төлеу тоқтатылып, субсидиялар халықтың пайдаланған су көлеміне ғана төленіп, жеңілдетілген тариф мөлшері (30, 40 теңге) өзгеріссіз келеді.

     Ауыз су үшін халықтың төлемақы мөлшері 2006 жылдан бері өзгеріссіз келе жатқандығын ескеріп, ауыз судың бір текше метрі үшін халықтың төлемақы мөлшерін:

  1. ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін адам басына 140 л. немесе 4,3 м3 дейін - 70 теңгемен, одан асқан су көлеміне тарифтің толық құнымен;
  2. ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін адам басына 120 л. немесе 3,65 м3 дейін – 120 теңге көлемінде белгілеуді ұсынамыз.

[1] ҚР Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан алынды (stat.gov.kz)

[2] Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

[3] ҚР Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан алынды (stat.gov.kz)

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы