Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе Управлением энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Кызылординской области за 3 месяца 2025 года

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс бойынша 223 ауылдық елді мекеннің 200-і немесе халық санымен алғанда 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 23 ауылда 6 мыңға жуық  немесе ауыл халқының                          1.4 пайызы қоныстанған.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 23 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданы – Ақбасты, Абай, Тоқабай),ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 6 елді мекенге (Арал ауданы –Тастүбек, Ерімбетжаға, Қазалы ауданы – Шәкен,Сарбұлақ, Шилі, Шитүбек) су жүйелерін салу және жергілікті бюджеттен 2  елді мекенге (Қазалы ауданы-  Бірлік, Шиелі ауданы – Лесхоз ) су тұщытқыш  (КБМ) орнату және қалған 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланып отыр.

2025 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, арнаулы қордан 2,2 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 890 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы