Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе Управлением энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Кызылординской области за 3 месяца 2025 года

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

Газдандыру саласы бойынша

Бүгінгі күні облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 80 пайызды құрайды.

Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 40 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.

Aғымдағы жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Аталған қаржыға 11  жоба жүзеге асырылмақшы.  Қазіргі таңда, 4 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды.

Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 82 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 53-ке жеткізу жоспарлануда.

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша.  2024-2025 жылғы жылу беру маусымына облыс бойынша қажетті көмір көлемі – 162,5 мың тонна, оның ішінде: тұрғындарға – 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 26,8 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларда нақты – 14,3 мың тонна көмір қоры жасақталған (сатылғаны -156,1 мың тн).

Көмір бағасы маркаларына сәйкес (Шұбаркөл, Қаражыра, Екібастұз)                       17 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін сатылуда.

Облыс көлемінде 26 өңірлік операторлар тіркелген, 20 көмір қоймалары бар.

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы