Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 76 232 068,1 мың теңге. Игерілгені 76 119 751,7 мың теңге, игеру 99,8% құрайды.
Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:
001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 200 441,6 мың теңге жоспар, игерілгені 200 133,7 мың теңге, қалдық 307,9 мың теңге (үнемделген іс сапар қаржысы).
007- "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 659 323,0 мың теңгенің 1 659 322,2 мың теңгесі игеріліп, қалдық 808 теңге.
032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 143 856,0 мың теңге жоспар, жоспарланған 4 143 856,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 7 850 781,5 мың теңгенің 7 739 517,0 мың теңгесі игеріліп, қалғаны 111 264,5 мың теңге. Оның ішінде 12 846,1 мың теңге үнемделген қаржы болса, 8 158,0 мың теңгесі 4 ЖСҚ-ның МС шықпауы, 6 000,0 мың теңгесі - 6 жоба бойынша конкурс, 84 260,4 мың теңгесі жұмыстардың толық орындалмауына байланысты қалған қаржылар.
051- "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар, 258,0 мың теңгесі игеріліп, 742,0 мың теңгесі қалды (РБ қаржы бөлінбеуіне байланысты).
054 - "Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- жоспарланған 107 983,0 мың теңге толығымен игерілді.
060 - "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, жоспардағы 848 905,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
065 - "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспар 3 264 752,9 мың теңге, жоспарлаған 3 264 752,9 мың теңге толығымен игерілді.
071 - "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 15 305 011,9 мың теңге жоспар, жоспардағы 15 305 010,9 мың теңгесі игеріліп, 1,0 мың теңгесі қалды (техникалық қадағалаушы мердігермен сот процесі жүргізілуде).
087 - "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге, жоспарланған 2 111 297,0 мың теңге толығымен игерілді.
113 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" - жоспар 3 028 814,3 мың теңге, жоспарланған 3 028 814,3 мың теңге толық игерілді.
114 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 24 851 025,2 мың теңге, жоспарланған 24 851 025,2 мың теңге толық игерілді.
139 - "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу "-12 858 876,7 мың теңге жоспар, жоспардағы 12 858 876,7 мың теңге толығымен игерілді.