Қызылорда облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір
тұтыну жоспары 162,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, тұрғындар үшін 135,7 мың
тонна, әлеуметтік нысандарға 26,8 мың тонна. Бүгінгі күнге өңірге «Қазақстан
темір жолы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес 137,9 мың тонна көмір жеткізілді. Қазіргі
таңда көмір қоймаларында 26,5 мың тонна көмір қоры бар. Облыс көлемінде 26 өңірлік
оператор (9 ЖШС мен 17 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу
қашықтықтарына сәйкес 19000-26000 теңге аралығында сатылуда. Тұрғындар мен әлеуметтік
нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.