Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының
тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын
215 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде. Жобаның
инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады. Инвестор тарапынан
жылу орталығының құрылысына 133 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды. Негізгі
қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, газотурбиналық
қондырғылар мен жылу қазандығы орнатылуда.Станция 2025 жылдың 4 тоқсанында іске
қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек, бюджет есебінен құны 15 млрд.теңгені құрайтын
жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге
жұмыстар 90 пайызға орындалды. Жаңа жылу электр орталығы облыс аумағын
электрэнергиясының қажеттілігін толығымен қамтып, артылғанын басқа өңірлерге
жіберуге мүмкіндік береді.